Гид мұздықтан 22 жыл бұрын қаза болған адамның мәйітін тапты

0
121

Австрияның Тироль провинциясындағы мұздықтан 22 жыл бұрын өлді деп болжанған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Infonews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның хабарлауынша, гид мәйітті өткен аптада Шығыс Тиролдағы Шлатенкис мұздығынан 2900 метр биіктікте тапқан. Мәйіттің жанынан банк картасы мен жүргізуші куәлігі салынған рюкзак табылды. Полицейлер денені алып шығу үшін тікұшақ пайдаланды.

Полицияның болжауынша, мәйіт Австриядан келген азаматқа тиесілі. Ол көз жұмған кезде 37 жаста болған. Жеке басын анықтау үшін ДНК сараптамасы жүргізілуде. Шаңғымен сырғанауға шыққан ер адам 2001 жылы апатқа ұшыраған деген болжам бар.

Шлатенкис елдегі ең жылдам еритін мұздықтардың бірі. Австриялық Альпі клубы 2021-2022 жылдардағы баяндамасында бұл жердің ең үлкен 89,5 м жоғалған мұздық екенін мәлімдеген еді. Осы жылдың сәуір айында олар Австриядағы мұздықтардың еруі бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін хабарлады. 1891 жылғы өлшеу тарихымен салыстырғанда мұздықтардың бұлай қысқаруын ешқашан көрмегенін айтуда.

Вивейдер есімді альпинистің мәліметінше, Альпі мұздықтары еріген сайын неше түрлі құпияларды аша түсуде. Маусым айында альпинист Тирольдегі сол мұздықтан адам қалдықтары мен сүйектерін тапқан. Қазіргі уақытта ДНҚ сараптамасы жүргізілуде.

“Мұздықта аз ғана уақыт ішінде мұндай екі жаңалықтың болуы әдеттен тыс нәрсе”, – деді Вивейдер.

Оның айтуынша, 1964 жылдан бері Австрияның Альпі тауларында із-түссіз жоғалған 45-ке жуық адам әлі күнге дейін табылмай жатыр.

Швейцарияда 1986 жылдан бері жоғалып кеткен неміс альпинистінің денесі өткен айда Маттерхорн маңындағы мұздықтан табылды. Оны Церматт үстіндегі Теодул мұздығынан өтіп бара жатқан альпинистер ашқан. Олар мұздан шыққан аяқ киім мен крампондарды байқаған. ДНК сараптамасы мәйіт 37 жыл бұрын жоғалып кеткен неміс альпинистіне тиесілі екенін көрсетті. Сол кездегі үлкен іздеу-құтқару операциясы оның ізін таба алмаған еді.

Осы жазда Швейцария мен Австрияда өте ыстық болды. Еуропаның жүрегі болып табылатын Альпі мұздықтарының болашағына үлкен қауіп төніп тұр. Себебі мұздықтардан жиналған қысқы қар Еуропаның Рейн және Дунай сияқты өзендерін толтырып, егінді сумен қамтамасыз етеді және атом электр станцияларын салқындатады.

Leave a reply