Голливуд Қазақстанды Ресейге фильм сатты деп айыптады

0
130

Голливуд Ресейге үлкен экрандарға арналған фильмдердің пираттық көшірмелерін сатқандарды анықтады. Аты аталған елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы Infonews.kz сайты “Ведомости” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әңгіме 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан екі сенсациялық фильм – “Барби” және “Оппенгеймер” туралы болып отыр.

“Голливуд оларды су таңбалары бойынша анықтады (су таңбасы – мөлдір жазу, шағын графика және авторлық құқықты қорғайтын логотип). Су таңбасын дистрибьютор фильмдердің көшірмелерін кинотеатрларға беру кезінде қояды”, – деді екі ірі кинотеатрдың және кинопрокат компаниясының топ-менеджерлері.

Айта кетейік, 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан голливудтық “Барби” мен “Оппенгеймер” атты туындылар Ресей кинотеатрларында көрсетілмейді. Ең ірі шетелдік кинокомпаниялар – Walt Disney Company, Sony Pictures, Warner Bros, Paramount және Universal Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін Ресейдегі қызметін тоқтатқан еді.

Leave a reply