Депутаттар ел мүддесі үшін жұмыс жасайды

0
98

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық талаптарына сәйкес, партия тізімімен қалалық мәслихаттың депутаттығына 2 партиядан 16 депутат сайланды, оның ішінде 12 депутат ер адам, 4 депутат әйел адам. Сонымен қатар, облыстық мәслихатқа сайланған 16 депутат 2 партиядан сайланды, атап айтқанда: «AMANAT» (Nur Otan) партиясынан – 15 депутат; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1 депутат.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және мәслихат құзыретіне белгіленген міндеттерді іске асырады.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларының ішінде қалалық мәслихаттың 3 сессиясы өткізіліп, онда 26 шешім қабылданды. Мәслихатта «Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм-спорт, тарихи мұраларды қорғау», «Табиғат қорғау, экологиялық мәселелер және құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету», «Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиялары өз қызметтерін атқаруда. Тұрақты комиссиялардың 10-ға жуық отырыстары болды. Жалпы, тұрақты комиссиялардың құзіретіне Қазақстан Республикасының білім беру, жұмыссыздық, қаржы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңдарды іске асыру бағдарламаларымен, жоспарлары және қалалық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелердің кең спектрі енеді.

Сонымен қатар, депутаттар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жыл ішінде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарға қабылдау жүргізеді. Бұл туралы жұртшылыққа алдын ала хабардар етіледі. Бұл қабылдауларда көтерілген мәселелер бойынша депутаттар өздерінің құзіретінде шешілетін мәселелерді жедел ұйымдастырып келеді. Қабылдаулар бойынша жыл сайын талдау жасалып отырылады. Талдау көрсеткеніндей, азаматтардың қабылдауда негізгі көтеретін мәселелері: жұмысқа орналасу және тұрғын үй алу мәселелері. Осыған орай кейбір мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға хатпен жолданады. Депутаттық өкілетті жүзеге асырудың маңызды бір түрі – депутаттық сауал салу. 5 ай көлемінде қалалық мәслихат депутаттары 143 депутаттық сауал жолдаған. Оның ішінде 114 сауал қала әкімдігіне жіберілсе қалған 17 депутаттық сауал басқа да мемлекеттік мекемелерге жіберілген. Қазіргі уақытта 116 сауалға жауап берілген. Сонымен қатар, жетінші шақырылымның депутаттары 2021-2025 жылдар арасында бекітілген «AMANAT» партиясы Түркістан облысы, Түркістан қаласы бойынша «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫНДА бекітілген тармақтар бойынша ауқымды жұмыстарға қадағалау жүргізу мақсатында көптеген кездесулер жоспарлануда. 2025 жылға дейін 100 мың тоннаға дейін сақтау мүмкіндігімен көтерме тарату орталығының құрылысымен танысу. Қаладағы сауда үйлерінде азық-түлік бағаларының шектен тыс көтеріліп, жоғары болмауын мониторинг топпен аралау сынды жұмыстарын атқарады.

Сонымен қоса «AMANAT» партиясының жол картасына сәйкес мына бағыттар бойынша жұмыс жасайды: 2021 жылы 50, 2022 жылы 60, 2023 жылы 46, 2024 жылы 40 жаңа автобус пен 2021 жылы 18 электро автобустар алынып, қоғамдық көліктер санын 270-тен 484-ке дейін жеткізу; 2025 жылға дейін 29 бағдаршам (2021 жылы 8, 2022 жылы 6, 2023-2025 жылдары 5-тен) орнату; 2025 жылға дейін 120 аялдама (2021 жылы 30, 2022 жылы 30, 2023-2025 жылдары 20-дан) салу; 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы 845 шақырымдық автомобиль жолдары 100% жөнделіп, қоғамдық көлік тасымалдау сапасын арттыру; Түркістан қаласы мен қала аумағына кәріз желілерін салып, сарқынды ағын сумен қамтамасыз ету үшін 7 аймақ бойынша 11 жобаның құрылысын іске асыру, атап айтқанда: «Отырар» ықшамауданының орамішілік кәріздік желісін салу, Тұран» тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету; Көппәтерлі тұрғын үй аудандары мен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын құру; Электр желісін салу құрылысы бойынша 5 нысан құрылысын аяқтап, 2022 жылы Түркістан қаласы бойынша 27,5 шақырым электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту; Түркістан қаласын «Жасыл белдеу» аймағына айналдыру, отырғызылған ағаштарды күту, жасыл белдеуді дамыту; Қаладағы жаңадан іске қосылатын өнеркәсіп кәсіпорындарымен, ұйымдарымен меморандум жасау арқылы 1,8 мың жұмыссыз жасты жұмыспен қамту; «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық шараларды өткізуге күш саламыз.

Алдағы уақытта жоғарыда айтып өткен мәселелер бойынша депутаттық корпус өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Халықпен тығыз байланыста бола отырып, ел мүддесі үшін қызмет атқарады.

М.ТАҢҒАТАРОВ,

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы.

 

Leave a reply