Достарымен кездесу үшін көршісінің көлігін ұрлаған

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Оқиға түнгі уақытта болған.
Жас жігіт көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көршісінің автокөлігіне көзі түскен.
«ВАЗ» маркалы көліктің есігі кілттенбегенін пайдаланып, рөлге отырған. Содан көлікті оталдырып, достарына жетіп алу үшін айдап кеткен.
Ал оқиға орнына жеткен соң, қиылыстардың біріне автокөлікті қалдырған.
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті тауып, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда жәбірленушінің арызы бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.