Thursday, November 21

Еліміздегі мол көлемде ба­­­нан өндіретін кәсіпорын Сайрам ауданында

0
153

Түркі жұртының рухани астанасы атанған Түркістан қаласының қайта түлеп, қасиетті шаһардың келбеті мен тарихи құндылықтары келген туристерді тамсандырса, өңірдің тыныс-тіршілігімен үндесіп жатқан ауылдардағы шаруашылықтар мен кәсіпкерлік саланың жұмысы жанданып жатыр. Бұл туралы жақында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының облыстағы барлық аудан-қала тұрғындарымен кездесіп, есеп беру барысында көзіміз жеткен болатын. Әрине, алда атқарар шаруа шаш етектен. Мемлекет басшысының әсіресе Жолдауынан бастау алатын түрлі бағыттағы тапсырмаларын орындау мақсатында жергілікті билік еңбек етуде. Мақсат – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңірдің дамуына үлес қосу. Облысқа республикалық бюджеттен бөлінген және ішкі өнім өндіру бойынша өңірлік табыстардан түскен қаржыны тиімді жұмсау облыс басшылығының қатаң бақылауында тұр.

Жақында ғана аудан-қалалардың жұрт­­­шылығымен кездесу жасаған облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы тағыда өңірді аралап, өткендегі кездесу барысындағы айтылғандарды назардан тыс қалдырмай және жоспарлар бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарды пысықтап, аймақтың жұмы­сымен танысып жүр.

Осы тұрғыда Сайрам ауданына ісса­­пармен барған облыс әкімі Дархан Саты­балды алдымен аудандағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Айталық, еліміздегі мол көлемде ба­­­нан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің Gen group Qazaqstan компаниясы 5,3 гектар жылы­­­жай кешенін салып, банан отыр­­­­­­ғызған. Өсірілетін банан сорты ар­­­найы Қазақ­станның климаттық жағдайларына бейім­делген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда.

Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов­­­­­тың мәліметінше, алдағы уақытта манго, авокадо сынды жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отыр. Экзотикалық жемістер­­ден басқа, жылыжайда қызанақ пен құл­­­пы­­­­­най өсіріледі. Жобаның бірінші кезең­­дегі құны 4 млн АҚШ долларды құрайды. Құрылыс сапасы жоғары, жылыжайлар климаттық бақылау мен бейімделгіш қо­­ректендіру жүйесімен жабдықталған.

Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын жақын арада жылыжай жерін 5 гектарға кеңейтпек. Қайнарбұлақ ауылдық окру­­гін­­­­де орналасқан жылыжай жылына ша­­­мамен 1 000 тонна банан өндіруге мүмкін­дік береді. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 1 пайызға қамтамасыз етіп отыр.

Облыс әкімі келесі кезекте «Қасымбек Датқа» елді мекеніндегі «Шымыр-Медет» лимон жылыжайына барды. Жалпы көле­мі 1 гектар жерде 2000 түп лимон көшеті отырғызылған. Жылына 80 млн лимон өнім береді. Бұл лимонарий облыс аума­­ғын­дағы ең үлкен жылыжай болып сана­лады.

Облыс басшысы егістікті әртарап­­тан­дырудың маңыздылығын атап өтті.

– Егістікті әртараптандыру, баланс ұстау аса маңызды. Біз жыл сайын тек бір дақылдарды екпеуіміз керек. Нарыққа назар аударып, жоғары сұранысқа ие дү­ние­­лерді бақылаған жөн. Өзімізді бар­лық қажетті өніммен қамтамасыз ету және сол арқылы бағаны тұрақтандыру үшін ай­­мақ­­­тың азық-түлік қауіпсіздігі саласына ба­­­рынша қамқорлық таныту қажет, – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Егістікті суармалы сумен қамту мәсе­­лесіне көңіл бөлген аймақ басшысы бар­­­­­­лық қолда бар мүмкіндікті пайдалануды және жерасты суларының қорларын зерт­­­­теу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ барлық су ресурсының теңгерімін зер­делеуді тапсырды.

Бұдан соң облыс басшылығы жобалық құны 2,1 млрд теңгені құрайтын Mangystau Oil Refeining мұнай өнімдерін өңдеу зауытына табан тіреді. Зауытта сұйылтыл­­­ған көмірсутек газы, бензин еріткіші, көмірсутек еріткіші, уайт-спирит (неф­рас), автокөлік бензины, техникалық керосин, дизель отыны, қазандық отын­­­­­да­­­­­­­ры өндіріледі. Зауыт жылына 250 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы кәсіпорын­­да 60 адам жұмыспен қамтылған.

Құрама жем шығаратын зауыттың жұмысымен танысқан облыс әкіміне өн­­­­діріс орны жылына 60 мың тонна мал азы­­ғын өндіретіні және бүгінде зауыт өні­­мін ішкі нарыққа және Өзбекстан Респуб­­­ликасына экспортқа жіберілетіні туралы баяндалды. Жалпы, бұл нысанның жоба­­­­лық құны – 600 млн теңге. Бұл жерде жер­­­гі­­лік­ті тұрғындар тұрақты жұмыспен қам­тылған.

Облыс басшысына ауданда орна­­­ла­сатын индустриалды аймақ танысты­рылды. 80 гектар жерде ауданның инвес­­­­ти­­­циялық жобалары жүзеге асырылады.

Бұдан соң облыс басшысы Сайрам ау­­данының кәсіпкерлерімен және инвес­тор­ларымен бизнес саласын талқылау бойын­­ша кездесу өткізді. Кездесу бары­­сын­­да бизнес саласындағы мәселе­­­лер мен ұсы­ныстар талқыланды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғы­­­лықты орындау қажет екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі кәсіпкерлік белсенділікті және инвести­циялық тартымдылықты күшейту туралы тапсырма берген болатын. Аудан басшы­лығы тарапынан сол тапсырмалардың жүзеге асу барысы баяндалды.

Атап айтқанда, мал қалдықтарын ашық жерге төкпеу үшін қалдықтарды қабылдайтын орын ашылды. Алда жер­­гілікті кәсіпкерлер оны өңдейтін кәсіп­­орын салуды көздеп отыр. Алда автоматты газдалған бетон шығаратын зауыт ашылмақ. Инвесторлар көмегімен жылы­­­на 20 мың тонна тонна өнім шыға­­­ратын құс фабрикасын салуды қолға алмақ.

Басқосуға 50-ге жуық ісін жаңа бас­­таған және жұмыс істеп жүрген кәсіп­­­керлер қатысты. Кездесу еркін қарым-қатынас форматында өтті. Онда бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен талқыланды. Бизнес қордаланған мәселелері мен ұсынысын айтты. Сонымен қатар шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сай­­рам ауданының кәсіпкерлері тәжірибе жинау үшін Қытай еліне баруды жоспар­лауда. Ондағы зауыт, фабрикалардың жұмысымен таныспақ.

– Кәсіпкерлердің жеке бастамасына барынша қолдау көрсету қажет. Бұл ба­ғыт­та жұмыстарға күш саламыз. Сайрам ауданында кәсіпкерліктің даму қарқыны жақсы. Осыны дамыту керек. Оған ау­данда ашылатын индустриалдық аймақ­тың үлесі мол болмақ. Біз мемлекет пен бизнес арасында жаңа қарым-қатынас орнатуы­мыз керек. Бүгінгі басты мінде­тіміз – биз­нес пен мемлекеттік аппарат­тың толық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Сіздер­дің бастамаларыңыз туралы үнемі хабар­­дармын. Қытай сапарынан кейін өздеріңіз­ден жақсы бастамалар күтеміз. Ел да­­­­­­­­­­­­­муын­­­­­­дағы оң өзгерістер бизнеспен тіке­лей байланысты болған­­­­­дықтан, саяси реформаларды бірлесе жү­­­зеге асыруымыз керек. Мемлекет кә­­­­­сіп­­­­­­­керлікті дамыту үшін қолайлы орта қа­­­­­лып­­­­­тастырып, кәсіп­­­­керлер қоғамға, ха­­­лыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде ел­дің әл-ауқатын артты­­руға, тұрмыс дең­­гейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осы­­­­­­­­­­­ған орай бизнес өкілдерін жаңа жоба­­ларды бірлесе жүзеге асыруға шақы­­­ра­мын, – деді Дархан Сатыбалды.

Кәсіп иелері электрэнергия тапшы­­лығы жайлы сөз қозғады. Мәселені шешу жолдары қарастырылады. Кәсібін кеңей­туді көздегендер жер қарастыру жайлы сұраныс берді. Сондай-ақ маман тап­­­­шы­­­­лығы мәселесін көтерген кәсіпкер­лер зауыт­тарда инженер-механик маман­ды­­­­ғы жетіспейтінін жеткізді. Ол үшін ар­­­­найы оқу орындарымен байланыс орнату қолға алынатын болды.

Айта кетейік, Сайрам – шағын және орта кәсіпкерлік саласы дамыған аудан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі ауыл шаруа­­­­­шылығы бағытында болса, одан бөлек сауда және қызмет көрсету салала­рын қамтиды.

Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитов облыс басшысының өткенде ғана аудан халқымен кездесуі барысында кө­те­рілген мәселелердің оң шешімін тауып жатқанын жеткізе отырып, аудандағы атқарылып жат­қан өзге де жұмыстар мен жоспарлары туралы баяндады.

Аудан әкімінің мәліметінше, ауданда ағымдағы жылдың 8 айында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Жалпы, өңірлік өнім көлемі 137,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті ке­­­­зеңі­­­­­­мен салыстырғанда 1,5 пайызға неме­­се 2,0 млрд теңгеге артты. Оның ішінде өнер­кәсіп саласында 29,4 млрд теңгенің өнімі, ауыл шаруашылығы саласында 72,3 млрд теңгенің өнімі өнді­­­­­рілсе, құры­лыс жұ­мыстарының көлемі 7,2 млрд тең­гені, ау­данға тартылған инвестиция көле­мі 32,9 млрд теңге болды.

Ал өнеркәсіп саласында жыл басынан 68 кәсіпорынмен 29,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген болса, оның ішінде 23,7 млрд теңгесі немесе 80 пайызы өңдеу өнеркә­­сібіне тиесілі. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 3 жылда 1,7 есеге артқан.

Ауданның негізгі тіршілігі болып са­­на­­латын ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 72,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыстағы өнім көлемінің 14,3 пайызын құрады. Ауданда 75,5 гектар жерге жылы­жай орналасқан болса, ағым­да­­­­ғы жылы 17,5 гектар жылыжай іске қо­сылды.

Бүгінде ауданда жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғы жылмен салыстыр-

ғанда 28,4 па­­йыз­ға артып, 22 мың бір­­лікті құ­­­­­рады. Оның 12 мыңы немесе 55 пайызы жеке кәсіпкерлер. Олар ау­дан экономика­сының дамуына үлес қосуда.

Жергілікті бюджетке жыл басынан 9,3 млрд теңге салық түсімдері түссе, оның ішінде 4,3 млрд теңгесі немесе 46 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері есебінен түсіп отыр. Бұл өз кезегінде аудандағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуда.

Биыл 8 ай көлемінде ауданға 32,6 млрд теңге инвестиция тартылып, былтырғы жыл­дың 8 айымен салыстырғанда өсім 44,3 па­йызға немесе 10,0 млрд теңгеге артты. Аудандағы жыл басынан тартылған инвестицияның 93,3 пайызы жеке ин­­вести­­­­­­ция. Осылайша, соңғы 3 жылда тар­тыл­ған жеке инвестиция көлемі 2 есеге артқан.

2023-2024 жылдарға ауданда 75 млрд теңгеге 19 жобаны іске асырып, 886 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жыл басынан 11 млрд теңгеге 9 жоба іске қосылып, 279 жұмыс орны ашылды (күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкоголь­­сіз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы).

Аудан әкімі жиын барысында жоғарда айтылғандай, республикада баламасы жоқ банан өсіруге арналған жылыжай кешені туралы айтып берді. Ол сондай-ақ жыл соңына дейін құны 2,6 млрд теңгеге 5 жоба іске қосылса, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарлануда.

Оның ішінде «Тұран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі сүт өнімдерін өн­ді­­­­реді, құны – 450 млн теңге, 20 жұмыс орны ашылады.

Meat magnat ЖШС 2 мың ірі қара мал­ға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құны – 800 млн теңге, 10 адам жұ­мыс­­­пен қамтылады.

Samid Master ЖШС ауыл шаруашылы­­­­ғы өнімдерін өндіретін зауыт құрылысы, жобаның құны – 650,0 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылады.

Одан өзге, 2024-2025 жылдары Nurum Grup ЖШС тарапынан жалпы құны 5 600,0 млн теңгені құрайтын, 2 ірі жоба жүзеге асырылатын болады. Атап айтқан­да, сағатына 20 тонна өңдейтін құрама жем зауыты (құны 2 500,0 млн теңге, жұмысшы саны – 12) және тәулігіне 1 500 ірі қара мал ет өнімдерін және жануарлар­­­дың қал­дықтарын тереңдеп өңдеу цехы­­ның құрылысы (құны 3 100,0 млн теңге, жұмысшы саны – 40) жоспарлануда.

Сонымен қатар бүгінде «Агроөнер­­кәсіптік индустриалды аймағын құру үшін жер учаскесін (90 гектар) резервте қалдыру туралы» аудан әкімдігінің қау­лысы қабылданып, тұжырымдама жобасы (кон­цепция) әзірленуде.

«Алдағы уақытта осы жер учаскесіне инфрақұрылым жүйелерін жүргізу мәсе­­­лесі өзіңіздің тікелей қолдауыңызбен жү­­зеге асатын болады», – деген аудан әкімі А. Сәбитов іске асқан жобалар ауданның өндірістік әлеуетін арттыру және кә­­­­­сіп­­кер­­­­ліктің дамуына септігін тигізері сөзсіз және аудан экономикасының қар­­­­қынды дамуына белсенді кәсіпкер­­­­­лердің үлесі орасан екенін жеткізді.

Тельман БЕЙСЕН,

Aikyn.kz

Leave a reply