Елімізде блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енеді
Елімізде 2 наурыздан бастап блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енеді. Инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс.
📌Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек:
– “жарнама”;
– “жарнамалық материал”;
– “серіктестік материал”;
– “демеушілік материал”;
– “жарнама құқығында”;
– “демеушімен төленген”;
– “PR құқығында”;
“Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы белгілеудің қажеті жоқ. Естеріңізге сала кетейін, ережелер осы жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енеді”, – деп ескертті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.