Елімізде бүгіннен бастап қасқыр атуға рұқсат берілді
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжатты әзірледі.
2025 жылдың 15 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін қасқыр, шибөрі аулауға рұқсат беріле бастайды.
Жыртқышты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болса ғана аулауға рұқсат етіледі.