ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫҢ БАЗЫНАСЫ ТЫҢДАЛДЫ

0
233

Кедергісіз орта құру, инклюзивті қоғам қалыптастыру, ерекше жандардың өмір сапасын жақсарту – «AMANAT» партиясының басты ұстанымдарының бірі. Қазақстан қоғамы тең құқықтар мен мүмкіндіктердің алаңына айналуы керек деген ұстаным, барлық партияластарымызды ортақ мақсат аясына біріктіріп, әділетті әрі инклюзивті қоғам құру бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің бағдары болып келеді. Осы орайда, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемші болып, мүгедектігі бар жандардың сұраныстарын шешуге, қоғамдық ортаның баршамызға теңдей қолжетімді болуына көмегін тигізеді. Осы тұста тиісті сала өкілдерімен бірге қоғамдық қабылдау өткізіп,ерекше жандардың базынасвн тыңдадық.

Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың барлығы дерлік денсаулық жағдайы бойынша мүгедек деп тану мәселесімен келгендіктерін білдірді. Азаматтардың сұраныстарын мұқият тыңдаған мамандар, олардың денсаулық жағдайы бойынша ұсынған құжаттарымен танысып шықты, еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылу жағдайын зерделеді, адамды мүгедек деп тануға негіз болатын шарттарды түсіндіріп өтіп, осы саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілер жөнінде ақпар берді.
Қабылдауға жазылған Жігерген ауылдық округі, Тесіктөбе елді мекенінің тұрғыны Бектай Солпиев көру қабілетінің нашарлағанын айтып, мүгедектікке шығу бойынша көмек көрсетуді өтінді. Шағымданушының диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларынан өткенін растайтын құжаттарын зерделеу барысында, науқастың организм функцияларының тұрақты бұзылуы пайда болғаны анықталды және бұл азаматтың әлеуметтік мәртебесі еңбекке жарамсыз танылатыны түсіндіріліп, тиісті рәсімдеу шаралары атқарылатын болды.
Сондай-ақ қабылдауға келген Қызылқия, Шарбұлақ және Қазығұрт елді мекенінің тұрғындарына медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің жауапты өкілі азаматты мүгедек деп тану жөніндегі бекітілген талаптарды түсіндіріп берді. Бұл мәселе бойынша азаматтар өздерінің тұрғылықты/тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдағы учаскелік дәрігеріне, не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына баруы керектігі, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайтыны, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейтіні түсіндірілді. Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес мерзімде адамдар МӘС-ке жіберелетіні айтылды.

Түркістан облыстық мәслихат депутаты Н.Аширов

Leave a reply