Понедельник, 16 сентября

Ерлік даңқы өшпейді

0
49

Құрметті ағайын, бүгінгі Конституция күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Көк байрағымыз көгімізде желбіреп, аспанымыз ашық жұртымыз аман болғай!

Ата заң — еліміздің барлық жетістіктердің бастауы десек, халқымыз үшін жөні бөлек осынау мереке қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының атынан арнайы марапат табыстадық. Бұл бейбіт күннің батырларын дәріптеу, сала мамандарын ынталандыру мақсатындағы «Алтын медаль» төсбелгісі. Міне, осы марапатқа өңіріміздегі бірнеше сала қызметкерлері арасында патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәулет Сағынбаев лайық деп табылды.
Айтулы мереке қарсаңында Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысы Мұрат Талапұлының қатысуымен өткен мерекелік шарада аталған марапатымызды өз иесіне салтанатты түрде табыстадық.
Кейіпкеріміз қандай ерлік көрсетті десеңіз оқиға қысқаша былай өрбіген: «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер, күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды. Мән-жайды анықтай келе Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Д.Сағынбаев суға секіріп, әріптесі Н.Сапархан екеуі суға малтыған ер адамды жағаға алып шығады. Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны суға кеткен малын құтқарамын деп өзі шыға алмай қалған.
Өз өмірін қатерге тігіп, қызметіне адалдық танытатын мұндай азаматтар қашан да құрметке лайық. Бұл ретте Қазақстан Журналистер одағының бейбіт күннің батырларына арнап тағайындаған «Алтын медаль» жыл сайын еліміздің әр өңірінде ерлік танытқан бір азаматқа тапсырылатын болады. Ендеше Мұрат Қабденов ағамыз бастаған түркістандық полицейлерге абырой биігінен көріне беріңіздер дейміз.
Айта кетерлігі, сол жиында өңіріміздегі бас полицей әріптестерін құттықтап, қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерінің жақындарына ерекше ілтипатпен құрмет көрсетті. Атап айтқанда «Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысының 180-нен астам полицейі марапатталды.

Мерекеге орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді мерекемен құттықтады. Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады. Шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының ән шашуымен ұласты. Полицей әнші-өнерлі қызметкерлермен қатар сахнада Нұржан Төлендиев, Бақытжан Мұстафаев және «Семсер» тобының жігіттері әсем ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі.

Мәлік Дәулетов,
«Түркістан медиа» ЖШС директоры

Leave a reply