ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласында карантин шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындар санитарлық бақылаудың күшейтілген режиміне көшірілді деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған сақтық шаралары негізінде қаладағы төрт ауданда санитарлық тазалық жұмыстары жоспарға сәйкес күнделікті жасалуда. Осы жағдайда Еңбекші ауданының басшылығы да аудан тазалығына баса назар аударып отыр. Ауданда санитарлық тазалыққа жауапты 8 мекеме бар. Аудандағы көшелер мен лотоктар және аулалар қоқыстан тазаланды. сондай-ақ аялдамалар, жол жиектері және аяқ жолдар да тазартылды. Ал көп қабатты тұрғын үйлер арасындағы тазалау жұмыстары күнделікті түрде жасалып тұрады. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жол бойындағы, гүлзарлардағы гүлдер суғарылды.
Айта кетейік қазіргі уақытта тазалық жұмыстарына 500-ге жуық жұмысшы мен 152 техника жұмылдырылды.