Thursday, November 21

Еңбек адамын құрметтейтін мемлекеттің болашағы зор

0
30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Президент бұл қадамның экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек.

Жұмысшы мамандар – елдің экономикасын алға жылжытатын нағыз драйверлер. Кәсіптік-техникалық білім саласында алдағы уақытта үлкен өзгерістер орын алмақ. Жұмысшы мамандықтар жылын пайдаланып, жас өрендерді осы салаға баулу, мықты кәсіби мамандар даярлау ісі жолға қойылады.
Түркістан облысында 50 колледж жұмыс істейді, онда 71 мамандық бойынша 30 мың студент білім алуда. Колледждерде республикалық бюджеттен қаралған 15 445 грант толық игеріледі. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 2 мыңға көбейді. Өңіріміздегі колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға өткен жылы – 3,1 млрд. теңге бөлінсе, биыл – 2,7 млрд. теңге қаралды. Оқытушылар мен шеберлер көршілес ТМД мемлекеттерінде, сонымен қатар Қытай, Түркия, Австрия, Франция мемлекеттерінде арнайы оқыту іс- тәжірибелерінен өтуде.
Колледждер базасында жаңа мамандықтар ашу да күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Биыл облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жаңадан 10 мамандық ашу көзделген. Мұның барлығы Президент Жолдауында айтылған жұмысшы мамандықтар жайлы мәселеге келіп тіреледі.
Президентіміз айтқандай, күн-түн демей жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарының қадіріне жететін қоғам қалыптасуы керек. Жұмысшылармен біте қайнасып өскен ұрпақ жұмысшы беделі, абыройы деген нәрсеге сергек те жауапкершілікпен қарайды.
Қоғам дамуы мен ел дәулетінің айнасы – еңбек адамы, өндіріс инженерлері, жаңашыл адамдар. Жұмысшы мамандығы иелерін құрметтейтін әрі сыйлайтын қоғамның келешегі де зор.

Айгүл ҚАСЫМБЕКОВА,
облыстық білім басқармасы басшысының
орынбасары.

Leave a reply