Thursday, November 21

ЖАСТАР НЕСИЕСІНЕ ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРУДЕ

0
134
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.
Жас кәсіпкерлер мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады.
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және арнайы техника қабылданады.
Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтініш пен құжаттарды “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ филиалына тапсыру қажет.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. жеке басын куәландыратын құжат;
2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
3. қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;
4. қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар болғаны туралы анықтамалар;
5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табысын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар (қосымша құжат сұралуы мүмкін).

Leave a reply