Thursday, November 21

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІНЕН САУРАН АУДАНЫ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

0
70

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қолдауымен, Жетісай аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай” , жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әріптестік, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорттың кіші футбол түрінен турнир өтті.
Жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын марапаттау шарасына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралұлы қатысып, жастар орталықтары қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырып, спорттық шаралардың ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, ойынды ұйымдастырушы Жетісай аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Айбек Сұлтанмұратұлы жыл сайын облыс көлемінде жастардың шағын футбол ойындарына қатысу деңгейі артып келе жатқанын айтып, қатысушыларға алғысын жеткізіп, алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді. Жарыс қорытындысына сәйкес нәтижесінде І – орынды Сауран ауданының жастары жеңіп алды. ІІ -орын Мақтаарал ауданы жастары, ІІІ -орын Келес ауданы жастары иеленді.

Leave a reply