Wednesday, December 4

ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ТАРАПЫНАН САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

0
8
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жеке инвесторлар арқылы салынып жатқан 2 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында құрылыстың сәулеті мен сапасына ерекше көңіл бөлген аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдерімен пікір алмасты.
Қазіргі таңда тұрғын үйлердің сыртқы фасадтары травертинмен безендіріліп, аулалары темір қоршаумен қоршалған. Ішкі жұмыстардың қарқыны да арта түсуде. Су және жылу жүйелері жүргізіліп, қабырғаларға түсқағаздар жабыстырылуда. Едендері төселіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне басымдық берілуде. Әр тұрғын үйдің жалпы алаңы 71,1 шаршы метрді құрайды.
Айта кетсек, бұл жоба әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға және тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталып отыр.

Leave a reply