Thursday, November 21

Жеке кәсіпкер “Ауыл аманаты” жобасы аясында несие қаражатына қол жеткізді

0
129

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен халықтың тұрмысын көтеруге көзделген, ауылдағы азаматтардың тұрмыстық жағдайын түзетуге бағытталған, жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие “Ауыл аманаты” жобасы аясында Сайрам ауданында Ақбұлақ ауылының жеке кәсіпкері (тұрғыны) Сулейменов Турар “Ырыс МҚҰ”-нан мал шаруашылығына оның ішінде сауынды ірі қара малға 8 000 000 тг несие қаражатымен қаржыландырылды. Кәсіпкер несие қаражатына Ақмола облысынан 16 бас ірі қара сатып алып, өз кәсібіне кірісіп кетті. Осы орайда

“Turkistan” Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің Сайрам аудандық бөлімі мамандарының сүйемелдеуімен, кәсіпкерге тиісті қаржы ұйымына несие рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімін жинақтауына көмек көрсетіліп, бизнес жоспары әзірленді.

Жоба аясында төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған:

– “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен.

– несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін;

– несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады;

– номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету.

Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік.

“Ауыл аманаты” жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу “AMANAT” партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

“Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл – халықтың жалпы санының 41%-ы. Былтырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай табысының айырмашылығы 38%-ды құрайды. «Ауыл аманаты» жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесуге тырысамыз. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін кең ауқымды 40 күндік ақпараттық марафон өткіздік. Мобильді топ құрамындағы тренерлеріміз 28 шілде мен 10 қыркүйек аралығында республикадағы 179 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округінде 250 мың азаматты қамтыған кездесулер өткізді”, – деді ол.

Leave a reply