Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округтің негізгі капиталына салынған жеке инвестиция көлемі де айтарлықтай. «Жәңгір» жеке кәсіпкерлік нысаны жаңбырлатып суғару технологиясын сатып алуға 40 миллион теңге жұмсады. «Ныш-Ер» ЖШС жаңа техника алуға 10 миллион теңге жіберді. «Ysd–агро» ЖШС тамақ өнімдерін ұқсата пайдалану өндіріс базасына 5 миллион теңге жұмсаса, ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 15 миллион теңге шығарды. Жібек жолы ауылдық округінде «Аруана» шаруа қожалығы 0,2 гектарға жылыжай салып, қызанақ пен қияр өсіруде. «Нұрлан» шаруа қожалығы 0,1 гектарға жылыжай салып, өнімдерін нарыққа шығаруда.
Ауылшаруашылығы саласы ауыл округін-дегі негізгі сала болып табылады. 2021 жылы Жібек жолы ауылдық округі бойынша 1404 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде 350 гектарға бау бақша егіліп 12170 тонна өнім жиналды. 150 гектарға көкөніс егіліп, 4740 тонна жиналды. Картоп 210 гектарға отырғызылып, 5370 тонна өнім жиналды. Дәндік жүгері 200 гектарға егілсе, сүрлемді жүгері де 200 гектарға егілді. Одан алты мың тонна жүгері алынды. 294 гектар жерге жоңышқа егіліп, жылына екі қайтара орып алды.
Өткен жылы Жібек жолы ауылдық округі бойынша агроқұрылымдар 110 тонна жанар-жағармай алып, егістік жерлерін игеруде. Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында ауылдық округтен 20 жоба бекітіліп, іске асырылуда. Түркістан облыстық ауылшаруа-шылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне ауылдық округінен агроқұрылымдар өздерінің өнімдерін шығаруда.
Мал шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жібек жолы ауылдық округі бойынша жалпы мал басы саны ірі қара 2663-ке, уақ мал 23114-ке, жылқы 482 басқа түйе 735 басқа жетті. Құс шаруашылығында 2258 тауық бар. Қазір шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандыруға көп көңіл бөлуде.