Жер анадан күтеріміз көп

0
127
Сайрам ауданындағы «Тажимат ата» шаруа қожалығында қазіргі таңда жұмыс қызу. Қожалықтың басшысы – Ділмұрад Хадиметов. Жер көлемі 40 гектар аумақты құрайды. Егілген бидай сұрыпы «Стекловидная-24». Жиын-терім науқанында гектарынан 40 центнер өнім алынуы мүмкін. Шаруашылықтың 6 техникасы бар, қосымша 3 техника жалға алынған.
Жалпы алғанда, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар. Оның ішінде күздік бидай 17001 гектарды құрайды.
Былтыр ауа-райының қолайсыз болуына байланысты күздік бидайдан алынған өнім көлемі гектарына 8,5 центнерді құрады.
Аудандағы диқандар енді 20-25 күн ішінде астықты толық жинап алады.
Күздік бидайдың «Стекловидная-24», «Память-43», «Интенсивная», «Красноводопадская-23» және «Третикале» (Орда) сорттары егілген.
***
Аудан басшысы «Мехнат-21» өндірістік кооперативіне қарасты 2 өнім алынатын алқапқа да барды.
Аталған кооперативтің басшысы Аброр Тайжановтың сөзінше, жер көлемі 5 гектар аумақты құрайды. Бірінші айналымында 1000 бу-маға жуық жоңышқа алынған. Екінші айналымында сүрлемдік жүгері өсірілуде. Алдағы уақытта әр гектарынан 40 тонна көлемінде өнім алынуы мүмкін. Ағын су және техника жеткілікті.
Аудан әкімі өнімдердің сапасы мен сұранысын, сонымен қатар өнімділікті арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың қажеттілігін атап өтті.

Leave a reply