Четверг, 19 сентября

ЖЕТІСАЙДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 17 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

0
15

Бүгін жетісайлық азаматтар Конституция күні қарсаңында «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады.

Қор мүшелері баспананың ішін қажетті жиһаздармен, азық-түлікпен және күнделікті тұтыну заттарымен, отбасы мүшелерін киім-кешекпен қамтамасыз еткен. Баспаналы болған жандар жомарт жандарға алғысын жеткізді. Аталған қор жергілікті әкімдікпен және тұрғындардың қолдауымен тағы да баспана құрылысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен кәсіпкер-меценат Бахаридин Аблазимов қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

– Бүгін тамаша сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған текті халық екені белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Көптің көмегімен мереке қарсаңында баспанаға шын мұқтаж отбасылар қуанышқа кенеліп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Айта кетейік, халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып отыр.

Leave a reply