Thursday, November 21

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АРДАГЕРГЕ 1,5 МЛН. ТЕҢГЕ ТАБЫСТАЛДЫ

0
112
Жетісай ауданында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді. Ұлы Отан соғысының ардагеріне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мерекелік құттықтауы мен түрлі-түсті теледидары және 1,5 млн. теңге қаржының сертификатын Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов тарту етті.
Сонымен бірге «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов аудандағы Ұлы Отан Соғысының соңғы сарбазын 7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылар күнi және 9 мамыр – Ұлы Жеңiс күні мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Айта кетейік, Жетісайлық Ұлы Отан Соғысының ардагері Папков Петр Кузьмич 1925 жылы дүниеге келген. 1942 жылы әскерге алынған Петр Кузмич 73 гвардиясында болып, 105 полк құрамында қызмет еткен. Киев, Бухарест, Венгрия қалаларын азат ету шайқастарына қатысқан, құрылыс батальонында жүргізуші, құрылысшы болған майдангер 1950 жылы әскерден оралған. Қанды қырғынның соңғы нүктесін қойып, елге келгеннен кейін тұралап қалған ауыл шаруашылығы саласында, ауылдарды қалпына келтіру ісінде аянбай еңбек еткен. Трактор тізгіндеп, зейнетке шыққанша адал еңбектің нанымен өніп-өседі. Өз кіндігінен өрбіген 4 қызынан 5 немере мен 9 шөбере сүйген қарт майдангер түрлі ордендермен марапатталған.

Leave a reply