ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 6 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

0
125

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 6 нысан бой көтермек. Бүгін ауданға арнайы ат басын бұрған БАҚ өкілдері жоба аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты.
Өткен жылы Жетісай қаласынан 1 500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы басталған болатын. Ал, биылғы жылы Жетісай қаласынан 900 орындық, Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық және Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы қарқын алды. Аталған мектептер 2025 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Аталған мектептер – пәндік кабинеттермен, робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сондай-ақ, мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ. Бұдан бөлек, Жетісай ауданында жаңа оқу жылына 5 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 1 мектеп күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Leave a reply