ЖЕТІСАЙ: АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ САУАТТЫ ШЕШІЛІП, АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
80

Жетісай ауданында егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, мәселе сауатты шешілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ауданда ылғал үнемдеу технологиясының жүзеге асырылуымен танысқан аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов алдымен Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты «Алмас-О» шаруа қожалығында болды. Аталмыш қожалық биыл иелігіндегі 136 гектар жерге мақта мен жоңышқа дақылдарын еккен. Өзбекстан Республикасының «Omad Start» компаниясымен келісім шарт жасасып, 10 га мақталық алқапқа су үнемдеу технологиясы мен 20 га жоңышқаға жаңбырлатып суару технологиясын өз қаражаты есебінен орнатқан.

Тәуекелділігі жоғары ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында жаңа технологияны енгізген келесі қожалық Ынтымақ ауылдық округіндегі «Бектөре» шаруа қожалығы болды. Қожалық иелігіндегі 23 гектардың 10 гнктарына мақта шитін сеуіп, қытайлық «BazhouXincaiTradeCo.Ltd» компаниясымен бірігіп өз қаржысы есебінен су үнемдеу технологиясының енгізген.
Жаңа жобаның ерекшелігі – беткейлеп суғару әдісіне қарағанда ағын суды 2,5 есеге дейін үнемдеп, өнімділікті арттырады.

Отандық агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерінің бірі саналатын ағын суды үнемдеу технологиясын 1310 гектарға енгізген ауданында жыл соңына дейін 2800 гектарға жеткізудің жоспарланып отырғанын айтқан аудан әкімі жұмысты жандандыра түсу үшін ірі шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді салаға жауапты орынбасары мен бөлім басшысына қадап тапсырды.
Бұл жаһандық жылыну процесі мен жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі мен ысырапшылдық сияқты келеңсіздіктердің алдын алуда оң ықпал етері сөзсіз.

Leave a reply