Жетісай: Базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда жүруде

Базардағы өрт қалдықтарын тазалауға 100-ге жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған.
Жұмыс барысына облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбаев жетекшілік етуде.
Жұмыс екі ауысымда, тәулік бойы атқарылып жатыр.
Соңғы 1 тәулікте «Күлпаршын» базарынан 60 жүк көлігімен қоқыс шығарылды.
Қазіргі кезде базар аумағының 40% тазартылды.