ЖЕТІСАЙ: МАҚТАЛЫДА ЭКОАКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Өзіміз өмір сүретін ортаның тазалығын сақтау – бірінші кезекте өзіміз үшін, сонымен қатар, айналамызда мекен еткен әрбір тіршілік иесі үшін аса маңызды.
Жергілікті тұрғындар арасында санитарлық тазалықтың сақталуының дені сау ұрпақ өсірудегі маңыздылығы мен қажеттілігін ұғындыруды мақсат еткен Мақталы ауылдық округіне қарасты Шолпанқұдық елді мекенінің тұрғындары бүгін ауқымды сенбілік өткізді.Санитарлық тазалық жұмыстары барысында қатысушылар елді мекен шегіндегі ішкі жолдар мен арық-атыздардың бойын, үйіргелік жерлері мен аулаларын ретсіз тасталған тұрмыстық қатты қалдықтардан, шөптерден, қураған ағаштардан тазартты.
«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясын тек белгіленген мерзім аралығында ғана емес, жыл бойы жалғастыруды аудан басшысы қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне тапсырған болатын.
Тапсырма жергілікті тұрғындар тарапынан да үлкен қолдау тауып, тазалық жұмыстарын күнделікті жүргізіп келеміз» дейді Мақталы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Мажитов.
Айта кетейік, аталмыш сенбілікке 80-нен астам мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғын, 5 техника қатысып, 23 тонна қоқыс шығарылды.