ЖЕТІСАЙ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

0
56

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.

Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Кез-келген қаланың тазалық көрсеткiшi сол қала тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi. Бүшінде қала тұрғындарының жақсы тұрмысы үшін аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытовтың бастамасымен игі істер атқарылып, көшелер кеңейтілуде, жарықтандырылуда. Арық-атыздар мен қашыртқылар тазаланып, барды қадірлей білетін, туған еліне құрметпен қарап, ел-жұртын жақсы көретін белсенді азаматтарды Жетісай қаласын көркейтуге, абаттандыруға, еліміздегі ең таза аймақтардың бірі болуына белсене атсалысуға жұмылдыруда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына тұрғындардың белсене қатысуы – сөзіміздің айғағы.

«Тазалық өзімізден басталады» ұранымен өткен сенбілік жұмыстарына қатысқан 700-ден астам азаматтың 200-і мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлер болса, қалғаны аудандық мәслихат пен «Amanat» партиясы Жетісай ауданық филиалының қызметкерлері, қала тұрғындары мен белсенді жастар.

Айта кетейік, аталмыш сенбілік барысында қаладағы 136 көппәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көшенің бойы, арық-арық атыздар мен гүлзарлар қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Leave a reply