ЖОЛДАУДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ

0
108
Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаев биылғы жылдың1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан оң бағыттағы саяси-экономикалық реформалардың нәтижелері жайлы айта келіп, алдағы үш жыл мерзімдік уақытта Үкімет тарапынан жүзеге асырылуға тиіс тапсырмаларды атап өтті:
– тауарларды өндіру және өңдеу өндірісін дамыту мен өркендету;
– туризм саласын дамыту;
– мемлекеттік сатып алу саясатын жаңғырту, сапалы баға қағидаттарын жүзеге асыру;
– ұлттық бизнесті қорғау;
– ірі монополистік кәсіпорындардың бес жыл сайын қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізіп отыру;
– тау-кен өндірісін дамыту, геологиялық барлау жұмыстарына ерекше көңіл бөлі;
– қорғаныс саласының отандық өндірістік кешенін дамыту, әскерімізді заманауи қару-жарақпен, әскери техникамен қамтамасыз ету;
– агроғылым жетістіктнрін пайдалану арқылы ауыл шаруашылық өндірісін дамыту, Еуроазиядағы аграрлық орталыққа айналу үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуді дамыту;
– жылумен қамтамасыз ету мәселесінде елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту, энергетикалық қауіпсіздік шараларын күшейту, электростанциялар мен ГРЭС-тердің қуаттылықтарын арттыру;
– қайта қалпына келетін энергия көздерін дұрыс пайдалану, газ және мұнай өндіретін компаниялар мен өңдейтін кәсіпорындардың жұмысын жақсарту;
– елімізде атомэлектростанциясын салу үшін қоғамдық талқылауларды ескере отырып, бұл мәселе бойынша Ұлттық референдум өткізу арқылы шешім қабылдау;
– су тапшылығы елімізде өте күрделі мәселе екендігін ескеріп, көршілес елдермен келісе отырып жан-жақты су саясатын жүргізу, су және ирригация министрлігін құруды қарастыру;
– көлік-логистика саласына көңіл бөлу, біздің жермен өтетін транскаспийлік бағытты дұрыс пайдалану, теңіз инфрақұрылымын дамыту арқылы теміржол желісін жаңғырту, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамын көлік-логистика компаниясына айналдыру, елімізде көлік министрлігін қайта құру;
– еліміздің экономикасына өте қажетті екендігін ескеріп, IT өндірісі мен қызметін дамыту, экономика саласын цифрландыру мәселесін заңдастыру, инклюзивті экономиканы дамыту үшін креативтік өндірісті дамыту;
– орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін қолға алу, оны дамыту мақсатындағы мемлекет тарапынан ынталандыру мәселесін шешу үшін кіші бизнесті ірілендіруді заңдастыру, мемлекеттің экономикаға заңсыз араласуына тиым салу, экономиканы монополиясыздандыруды жалғастыра отырып, ірі компаниялардағы мемлекеттік активтерді саудаға шығару, кәсіпкерлердің заңды жұмысына заңсыз арласуды, оларды жауапкершіліктерге тартуды доғару;
– халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, «Қарызсыз қоғам» жүйесін барлық жерде енгізуді ұйымдастыру;
– еліміздегі банк жүйесіне өзгерістер енгізу арқылы оның экономикаға қосар үлесін ұлғайту, Ұлттық қорлардың тиімділігін арттыру, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетке бақылау құзырын беру;
– салық саясатын жаңғырту, салық төлемінің жеңілдіктерін қайта қарау, салықтық есептілікті барынша азайту;
– адамның сұранысы мен қажеттілігі – ең басты мәселелер болағндықтан олардың дер кезінде өз шешімдерін табуларын, білім сапасын арттыруды, адамдардың цирфлық білім алуларын қамтамасыз ету;
– азаматтардың өндірістегі еңбек қауіпсіздігін аррттыру, зейнетақымен төменгі жалақы мөлшерлерін арттыру мақсатында тиісті өзгерістерді заңнамаларға енгізіп отыру;
– саяси мемлекеттік қызметшілердің резервін құру.
“Баршаңызға мәлім, мен жыл сайын халыққа Жолдауымды Парламент сессиясының ашылуында жариялаймын. Бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналды. Мұның айрықша мәні бар.Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосады. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндеттер жүктеледі. Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін бұл іс-шара өте маңызды.Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады.Өздеріңізге мәлім, былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған баршаңыз куә болдыңыздар, реформаны жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істедіңіздер.Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше.Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды.Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет.Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті.Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз.Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды.Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс.Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады.Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді.Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай. Сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды.Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі.Енді экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталайын.Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет.Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек. Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды.Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн. Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет”,деді президент.
Президент бүгінгі жолдауында берілген тапсырмаларды орындау барысындағы ҚР Үкіметінің, Президент аппаратының және жергілікті басқару органдарының атқаратын рөлдерін айқындап берді, сонымен қатар ол: «Жолдаудың мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, заңның үстемдігін жүзеге асыру»,-деді.

Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек.

“Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз.Мен былтыр қолданыстағы жүйенің бітпейтін дау-дамай, жұмыстың ұзақ мерзім, ашық еместігі сияқты түйткілді мәселелерін шешу үшін жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізуді тапсырдым. Үкімет жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл құжат бюджет қаржысын үнемдеп әрі есеп бере отырып жұмсауға септігін тигізуі керек.Бір жағынан жаңа жүйе еліміздің кәсіпкерлеріне одан әрі қолдау көрсетілуін және ең бастысы, қордаланған мәселелердің бюджеттен қаржыландыру арқылы шұғыл шешілуін қамтамасыз етуге тиіс.Сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі.Жұмыстың ашық болуын арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз еткен жөн.Соның нәтижесінде алдағы үш жылдың ішінде реттелетін сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесі кемінде 60 пайызға жетуге тиіс.Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті.Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек.Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек.Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаңызға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда. Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс”, деді.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы

Leave a reply