
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Түркістан облыстық халық шығармашылығы орталығы және Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, облыстық «Жауһар жырдың жаршылары» жазба ақындар мүшәйрасы өтетіндігін хабарлаймыз!

Түркістан – ежелгі өркениеттің, түркілік мәдениеттің алтын бесігі. Бұл қала тарихы терең, рухани құндылықтарға бай, күллі түркі халықтарының басын біріктіретін қасиетті мекен. Қазақ хандығының астанасы болған

Түркістан – бүгінгі таңда да рухани жаңғырудың, мәдени өрлеудің орталығы болып табылады. Мүшәйра Түркістанның мәртебесін асқақтатып, оның рухани құндылығын дәріптеуге, жас ақындардың шығармашылығын қолдау, қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылады.

Мүшәйраға Түркістан облысының жас ақындары қатыса алады.
Мақсаты:
• Түркістанның тарихи және мәдени мұрасын насихаттау;
• Жас ақындардың шығармашылық әлеуетін ашу;
• Ұлттық рухты көтеретін тың шығармаларды көпшілікке таныстыру;
• Қазақ поэзиясының өркендеуіне үлес қосу.
Қатысу шарттары:

Мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;

Байқау 2 кезеңнен тұрады;

Байқауға қатысу үшін қатысушы өз туындысын ұйымдастырушыларға жолдауы тиіс.

І кезең
• Тақырыптық өлең. Түркістанның рухани және тарихи болмысына және жаңарған келбетіне сай, облыс орталығы болғаннан кейінгі өзгерістер өлең жолдарында болу керек;

ІІ кезең
• Еркін тақырыпта жазылған 2 үздік өлең жолданады;
• Өлеңнің көлемі 3 беттен аспауы тиіс (Times New Roman, 14 кегль, 1.5 аралық);
• Бұрын жарияланған туындылар қабылданбайды.
Байқаудың өткізу тәртібі:

Өлеңдер 2025жылдың 27 сәуір – 21 мамыр аралығында қабылданады;

Әр өлеңге нөмір беріледі;

Байқау нәтижесін арнайы қазылар алқасы бағалайды;

Қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өтіп жеңімпаз деп таңылған ақындар 2025 жылдың 29 мамыр күні облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қорытынды шараға қатысады;

Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және сыйлықтармен марапатталады;
Бағалау критерийлері:

Тақырыптың ашылуы;

Көркемдік деңгейі мен әдеби сапасы;

Тіл байлығы мен ой тереңдігі;

Шығарманың бірегейлігі мен түпнұсқалығы;
Марапаттау:

І орын – 700 000 мың теңге және диплом;

ІІ орын – 500 000 мың теңге және диплом;

ІІІ орын – 300 000 мың теңге және диплом;
Арнайы номинациялар беріледі:
• Мархабат Байғұт атындағы номинация
• Әбілда Аймақ атындағы номинация
• Қаныбек Сарыбаев атындағы номинация
• Аманхан Әлім атындағы номинация
• Есенғали Раушанов атындағы номинация
Өтініш беру тәртібі:

Қатысушылар өз шығармаларын белгіленген уақытқа дейін ұйымдастырушылардың электрондық поштасына немесе арнайы қабылдау пунктіне жолдауы қажет.

Өтінімде толық аты-жөні, байланыс деректері және қысқаша шығармашылық өмірбаяны көрсетілуі керек.
Қосымша:

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша ұйымдастыру алқасына хабарласуға болады. Байжигитова Шахмира Шаматаевна,
тел: 8 701 171 77 63,
Электронды пошта: bayzhigitova.shakhmira@mail.ru