«Жібек жолы» саябағы түркістандықтар үшін таптырмас демалыс орны

0
119

Түркістанға келушілер мен қала тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлеген тағы бір нысан Шымкент шаһарынан кіре берісте орын тепкен саябақ. «Жібек жолы» деген атты иеленген алып демалыс орыны көрсеңіз көркімен көз қуантады. Қазір мұнда келушілердің саны арта түскен. Ашық аспан астындағы демалыс орны серуендеуге таптырмас орындардың бірі.
Бұл алып демалыс орыны «Жібек Жолы» саябағы Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының Түркістанға жасаған сыйлығы. Қазіргі кезде демалыс орнында түрлі атракциондар мен балалардың ойын алаңшалары бар. Сондай-ақ төбеден Түркістанды толық көруге мүмкіндігіне ие боласыз.  Сонымен қатар, «SOS» қауіпсіздік батырмасы мен «Turkistan bike» велосипед бекеті де орналастырылып, келушілерді үлкен қуанышқа кенелтуде.

Демалыс орнының жалпы жер аумағы 30 гектар болады. Нысанда субұрқақтар, жасанды тоған, жасыл бұта, ағаштар мен газон егіліп, орындықтар қойылған. Сондай-ақ, спортпен шұғылдану үшін аяқжол мен веложолдар да салынған. Мұндағы субұрқақтар түнде де саябақтың келбетін ерекшелеп тұрады.

Leave a reply