Жұмағұлов соңғы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-7) соңғы жеңісі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Infonews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов пен Джефф Молинаның жекпе-жегі Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 56 турнирінде өтті. Үш раундқа есептелген жекпе-жек 29:28, 28:29, 30:27 есебімен төрешілер шешімімен 24 жастағы америкалықтың жеңісімен аяқталды.
— «Мен соңғы жекпе-жекті 10 рет көрдім. Жеңілген жоқпын, жеңілісімді мойындамаймын. Тіпті ол жерде жеңілістің иісі де жоқ», — деп жазды ол Instagram-да.