Зеленский: «Украина өз аумақтарын Ресейге бермейді»

Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Ресейге өз аумақтарын беруге дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
– «Украиналықтар өз жерлерін беруге дайын емес, бұл аумақтардың Ресейге тиесілі екенін мойындамайды. Бұл біздің жеріміз. Біз бұл туралы әрдайым айтып жүреміз және оны дәлелдейміз», – деді ол.
Ол украиналықтардың жердің әр бөлігі үшін күресетінін, алайда бұл үшін жабдықтар мен қорғаныс құралдарының қажет екенін мәлім етті.
Владимир Зеленский сонымен бірге Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді. Украина басшысы Джонсонды Украинаның нағыз досы деп атады. Оның қызметтен кетуі Ұлыбританияның Украинаға қатысты саясатына әсер етпейтініне сенім білдірді.