КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Нұрбол Әбдісаттарұлы “Бірлік” тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады. Шағын ауданның тұрғындарының негізгі өзекті жайлары сумен қамту, жол жағдайы, кәріздік жүйе, балабақша, электр желісінің толық жеткізілмеуі, Интернет желісінің нашарлығына қатысты болып отыр.
Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді. Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. 3,3 шақырымды құрайтын 3 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру жоспарлануда. 12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде, жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Бірлік секторын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жаңа 5 трансформатор орнатылды. Енді электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Жалпы жобаға сәйкес, 85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды. Кездесу барысында тұрғындар өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.
ШАУҒАРДА ШАРУАЛАР ШЕШІМІН ТАБУДА
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков №26 мектепте Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Онда қала әкімі алдыңғы кездесулерде тұрғындардан түскен арыз-шағымдар мен тапсырыстардың орындалу барысына тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті.
Шауғар секторында барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын. Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылу-да, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде. Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Ескірген ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және метал құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларына ауыстыру мақсатында 91 шақырым ауыз су құбырларының құрылысы басталды. «Шауғар» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда. Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді де табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды. 20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. 3 шақырымды құрайтын 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. Тұрғындардың өтініші бойынша балалар алаңшасы және шағын футбол алаңшасы салынды.
САУРАН СЕКТОРЫНДАҒЫ САН ҚИЛЫ ЖОБАЛАР
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінде «Сауран» секторының тұрғындарымен кездесті. Сөз басында шаһар басшысы өткен кездесулерде айтылған мәселелер мен нәтижелерге тоқталып, шағын баяндама жасады. Ал көшпелі кездесудің негізгі бөлімі халықпен диалогқа ұласып, еркін алаңда бірнеше ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Атап айтсақ, сұрақ-жауап бөлімінде сектор аумағындағы елді мекендердегі тазалық, электр бағаналарын ауыстыру, көшелерге асфальт төсеу, қалалық маршруттар бағытын ретке келтіру секілді бірқатар мәселелер қозғалды.
– Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады. Сол себепті түсіністікпен, сабырмен қарауға шақырамын. Жалпы көтерілген барлық мәселені алдағы уақытта міндетті түрде басшылыққа ала отырып, орындауға тырысатын боламыз. Әсіресе, қаламыздағы электр бағаналардың 70%-ы ескірген. Апатты жағдайда болған электр бағаналар болса, оларды жедел ауыстыруға тапсырма беремін – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
«Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды. Көшпелі кездесу соңында қала басшысы «Сауран» секторының тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Осыған орай, жауапты мамандарға мәселелерді оңтайлы шешуді жүктеді.
ЯССЫДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Бұдан әрі шаһар басшысы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Яссы» алабының тұрғындарымен кездесті. Баяндама барысында әкім өткен тоқсанда айтылған өтініштер бойынша орындалмаған жұмыстар келер жылдар еншісіне қалатынын баса айтты. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстар легімен таныстырды.
– Қала бойынша бірінші кезектегі мәселелер – көшелеріміз. Атап айтсақ, қалада 875 шақырымды құрайтын 845 көше болса, соның 30%-ы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Бұл бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Топырақ жолдарға тас төсеу, кәріз жүйелерін жұмыстарын жүргізу, ауыз су мәселелері бойынша бірқатар жобалар қолға алынды. Қоғамдық көліктер де жаңартылуда. Толығырақ айтсақ, алдағы жылдың соңына дейін қаланы 100% жаңа көліктермен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 78 көлік жаңартылса, жыл соңына қарай тағы 46 көлік келеді деп күтілуде – деді шаһар басшысы. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі кездесуде «Яссы» тұрғындар алқабында 47 мәселе көтеріліп, олардың көпшілігі оң шешімін тапқан. Өзекті мәселенің 35-і орындалды. Жетеуі жүзеге асырылуда. Бес тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.
«Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.
Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды. «Яссы» секторындағы қала әкімімен кездесу соңы әдеттегідей жеке қабылдауға жалғасып, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге жауап алды.
ОТЫРАРДЫҢ ҚАДАМЫ ОРНЫҚТЫ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Отырар» тұрғын үй алабының тұрғындарымен Оқушылар сарайында кездесті.
– Айта кету керек, біздің сіздермен «Отырар» тұрғын үй алабындағы үшінші кездесуіміз. Наурыз және маусым айларында тұрғындармен кездесу барысында 107 мәселе көтерілген болатын. Олардың алпысқа жуығы толық орындалса, елуге жуық мәселе бойынша тиісті жұмыстар басталып, қазіргі таңда орындалу үстінде,-деп бастады кездесуін шаһар басшысы.
Әкімнің баяндауынша, қазіргі таңда «Отырар» тұрғын үй алабына қарасты 15 шақырым құрайтын он бір көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Отырар секторында жолдардың орташа жөндеу жұмыстары алты шақырымға дейінгі, алты көшеде ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Екі шақырымдық екі көшеге асфальт жабындысы төселінді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2022 жылға 150 аялдама орнату және 64 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта Отырар секторына қарасты 45 орынға аялдама нысаны орнатылды. Сондай-ақ, аяқжол салу жұмыстары бес шақырымды құрайтын төрт көшеде іске асырылды.
Қала тұрғындарын толғандыратын өзекті жайлардың бірі жолаушыларды тасымалдау мәселесі. Ағымдағы жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан 74 автобус сатып алынып № 6,10 бағыттарды қайта жаңартылды. Қосымша №16,17,20 бағыттарды іске қосу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта, соның 28 дана автобусы алынып, №6,10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылатын болады.
Шаһар басшысымен кездесулерде жиі қозғалатын тақырыптардың бірі инфрақұрылымды абаттандыруға қатысты кәріз жүйесі, электр жарығымен қамту және ауыз су мәселесі.
Отырар шағын ауданында биылғы жылы көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аулаларды көгалдандыру жұмыстары, бүлінген ойын алаңшаларын ретке келтіру және жаңадан ойын алаңшаларын салу, автотұрақтар салу, аяқжолдарға өрнектас төсеу, түнгі жарықшамдар орнату, суағарлар жүргізу, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының сексен пайызы аяқталды. Одан бөлек, Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің сыртқы сәулетін жарықтандыру жұмыстары бастау алды.
Тәжтажал індеті кезінде қалалықтардың барлығы да Интернетті пайдалану кезінде, оқушылардың онлайн оқу тұсында электр жарығының жетіспейтіндігі байқалды. Бұл бір жағынан қалалықтар қатарының тым тез көбеюіне байланысты сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету кезек күттірмейді. Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы», «Шауғар» мөлтек аудандарына және ХҚТУ аумақтарын 10-0,4 кВ жоғары кернеулі электр кабель салу құрылысы,темір бетонды бағаналарын орнату және заманауи кабельдік жүйеге ауыстыру және әрбір үйдің есептегі жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды.
Аталған жоба бойынша жеке үйлерге, яғни абоненттерді жаңа тоқ желісіне қосу жұмыстары жалғасуда, қыркүйек айында толық қосылып бітеді деп күтілуде.
«Отырар» тұрғын алқабында бүгінгі таңда он жаңа трансформатор ауыстырылды. Қосымша он трансформатор ауыстыру жоспарлануда.
«Отырар» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 25 шақырым кәріз желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, 64% жұмысы аяқталған.
«Отырар» тұрғын алқабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылып, конкурс өткізілуде. Қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалуы 75% ға жеткізілді.
Отырар тұрғын үй алабында мектеп мәселесі бойынша Түркістан қаласы әкімшілік – іскерлік орталығында №5 көшесінде алты гектар жер телімі бойынша қала әкімдігінің қаулысы бар. Мұнда келесі жылға екі мың орынды мектеп тұрғызу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімшілік – іскерлік орталықтағы №11 – көшесінде алты гектар жер телімі белгіленіп, 2025 жылға екі мың орынды мектеп салу жоспарланып отыр.
Шаһар басшысының қысқаша баяндамасынан кейін Отырар секторының тұрғындары сөз алып, кезекпен өздерін толғандырып отырған жайлар бойынша сұрақтарын қойды. Бұл сұрақтардың дені негізінен тұрғын үй, жеке үй салуға жер телімін алу, қаланы абаттандыру кезіндегі олқылықтар, қоғамдық жолаушылар көлігімен қамту жайлары қозғалды. Мұның барлығына тұшымды жауап берген Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындармен кездесуден соң, бірқатар тұрғындар мен жеке қабылдау өткізді.
БЕКЗАТТЫҚТАРДЫҢ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАРЫ
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Бекзат» секторындағы тұрғындармен кездесуінде мұндағы қордаланып қалған жайлардың біртіндеп шешіліп жатқандығына тоқталды. Бұл шаһар басшысының «Бекзат» тұрғын үй алабындағы тұрғындармен үшінші кездесуі. Мұнда наурыз және маусым айларында тұрғындармен кездесу барысында 85 мәселе көтерілді. Олардың 64-і толық орындалды. 21-іне қатысты тиісті жұмыстар басталып, қазіргі таңда орындалу үстінде.
Осы кездесулерде барлық шағын аудандардағыдай «Бекзат» секторында да жол инфрақұрылымына қатысты жайлар айтылған болатын.
Қазіргі таңда «Бекзат» тұрғын үй алабына қарасты үш шақырымды құрайтын төрт көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Жолдардың орташа жөндеу жұмыстары – 1,8 шақырымды құрайтын Самал көшесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар 53,2 шақырымды құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2022 жылға 150 аялдама орнату және 64 шақырым құрайтын 54 көшеге аяқжол салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта Бекзат секторына қарасты бес орынға аялдама нысаны орнатылды. Сондай-ақ, 6,6 шақырымды құрайтын үш көшеге аяқ жол салу жұмыстары жоспарланып, 2,2 шақырымды құрайтын бір көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған екі көшедегі аяқ жол салу жұмыстары, сарқынды су желісінің қазба жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан 74 автобус алып №6,10 бағыттарды қайта жаңартып, қосымша №16,17, 20 бағыттарды іске қосу жоспарланған болатын.
Қазіргі уақытта, соның 28 дана автобусы алынып, №6, 10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылатын болады.
Қала әкімі биылғы «Балалар жылы» аясында шағын аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетті. Биылғы «Балалар жылында» абаттандыру жұмыстарының барысында Бекзат мөлтек ауданында ескі мазарат аумағында балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 90 % аяқталды.
Бекзат секторында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында төрт дана трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда, Бекзат секторындағы Жамбыл мектебінің жоғарғы тұсындағы 514 үйді қамтитын электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Құрылысын жүргізу 2022-2023 жылдарға жоспарлануда.
«Бекзат» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 100 шақырым кәріз желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, оның 35% жұмысы аяқталған.
«Бекзат» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылып, конкурс өткізілуде, қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалуы 75% құрап отыр.
«Бекзат» мөлтек ауданы тұрғындары әкіммен кездесулерінде мектептерде орын жетіспеушілігін жиі алға тартады. Соған орай, Бекзат мөлтек ауданында мектеп жетіспеушілігі мәселесі бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде секторда үш мектеп бар. 780 орынды №31 Абай мектебінде 1900 оқушы білім нәрімен сусындауда. №18 Ж.Еділбаев мектебі 1266 орынды болса, онда 2237 оқушы білім алуда. Қалаға қоныстанушылар көбеюіне байланысты алдағы оқу жылында бұл екі мектеп үш ауысымға өту қауіпінде тұр.
Ал, №11 Ж.Жабаев атындағы 300 орынды мектепте 732 оқушы білім алып қазіргі таңда үш ауысыммен білім беруде.
Осыған байланысты Бекзат мөлтек ауданында мектеп құрылысын салуға 2,2 гектар жер бөлініп, бұл елді мекенге 1200 орынды мектеп құрылысын салу 2025 жылға жоспарланып отыр.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баян-дауынша, қалалықтар қазіргі таңда өздерін облыс орталығының тұрғындары деп мақтаныш сезімімен сезінуіне байланысты ақсақалдары бас болып, жастары қолдап, абаттандырылған инфрақұрылымдық нысан-дарға жауапкершілікпен қарап, таза ұстауға тырысып жатқандары да бар. Алайда, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, осыдан бірер жыл бұрын пайдалануға берілген балалардың ойын алаңдары, воркауттардың, футбол алаңдарының бір жазға жетпей қирап қалуына да куә болып жүрміз. Осыған байланысты Нұрбол Әбдісаттарұлы қалалық-тарды жаңадан салынған нысандарды пайдалануға жанашырлықпен қарап, қажет болса полиция инспекторларының рейдін жиілетіп, осы нысандарға жергілікті тұрғын-дардың бірін бекітуге тапсырма берді. Қаланың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды.