Суббота, 1 марта

КЕЛЕСТЕ АЛҒЫС АЙТУ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

0
30
Келес ауданында «Алғыс айту – ең асыл сөз» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік шара ұлттық ойындармен бастау алды. Онда тұрғындар асық, ату, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу, садақ ату, гір тасын көтеру сынды ұлттық ойындарды ойнап, бақтарын сынады. Салтанатты жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды «Алғыс айту» күнімен және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бейбітшілік пен келісім салтанат құрған, бірлігі мен берекесі жарасқан еліміздің, құт қонған киелі мекеніміздің дамуына, ерлік пен еңбектің ерен үлгісін көрсеткен, көзге көрінбесе де, Сырлы Келес елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға ризашылығымызды білдіремін, — деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Салтанатты шарада аудандағы түрік, түкімен, өзбек, ұйғыр этномәдени бірлестік төрағаларымен мүшелеріне арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік шараның барысы Әжелер тобы мен аудандық Мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Патриоттық әндер шырқалып, көңілді би қойылымдары ұйымдастырылды.

Leave a reply