КЕЛЕСТЕ ЖАҢА МҰРАЖАЙ САЛЫНАДЫ

0
129
Келес ауданында жыл сайын мәдени нысандардың саны артып келеді. Биыл ауданға қарасты Абай ауылы аумағынан мұражай салынады. Бүгінде 0,36 га жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.
Одан бөлек, Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінің бойынан бүгінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық білім ошағы салынып жатыр. Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында спорт комплексінің құрылысы қатар жүруде. Ендігі кезекті сол аймақтан жәдігерлерді сақтап, тарихи нысандар бойынша дерек беретін мұражай мен жас буынды дамыту орталығы және Рәміздер алаңын салу жоспарлануда.
Айта кетейік, аудан аумағында археологиялық зерттеулер жүріп, ел шежіресінен сыр шертетін түрлі жәдігерлер табылуда. Осы ретте аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасы негізінде аудан орталығы Абай ауылынан мұражай салу үшін арнайы жер телімі қарастырылып отыр.

Leave a reply