КЕЛЕСТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

0
69

Түркістан облысына қарасты Абай ауылы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында серпінді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Ауыл шырайын шұғылалы ету мақсатында ауыл және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар автожол мен ішкі көшелердің бойында бей-берекет жатқан күл-қоқыстарды тазалап, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

Өткізілген сенбілік шарасына қоғамдық қызметкерлер және еріктілер мен жастар атсалысып, арнайы техника көмегімен жиналған күл-қоқыстар тиісті орындарға шығарылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен Қошқарата ауылдық округінде зиялы қауым өкілдері, ауыл билері, ақсақалдар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы және әжелер, аналар кеңесінің төрайымдары төбе көрсетіп, елді тазалық іс-шарасына атсалысуға шақырды. Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы тазалық науқанын ұйымдастырған ауылдық округке арнайы барып, зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары мен кездесті. Сондай-ақ осындай бастама көтерген тазалық жанашырларына өз кезегінде үлкен алғысын білдірді.

Ауылдың зиялы қауым өкілдері, қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен жастар белсене атсалысқан тазалық науқанында, елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, ауыл аумағы күл-қоқыстардан тазартылды.

Leave a reply