Воскресенье, 8 сентября

КЕЛЕСТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСТАУҒА НИЕТТІ

0
62

Өңірде мемлекеттік қолдау арқылы кәсіпкер атанғысы келетін адамдар саны жетерлік. Бұл бағытта қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі жүзден жүйрік шыққан келестік Ұлзада ханымның жобасын айтуға болады. Келес аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрстеу орталығы Халықтың әлеуметтік осал топтарына Мемлекеттік қайтарымсыз грант беру ұлттық жобасының келесі легін жалғастыруда. Маусым айының 5-6 жұлдызында өткен комиссияның 1 бірінші легінде 192 үміткер өтінім беріп комиссия қорытындысымен 74 азамат оң шешімін алып үлгерді. Солардың бірі Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғыны Айтжанова Ұлзада асыл тұқымды ешкі шаруашылығы яғни сүт өнімін беретін кәсіпті бастауды көздеп отыр.

Тұрғынның айтуынша ешкі шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы, ешкі сүті минералдарға бай, олардың ішінде: кальций, калий, магний, натрий, фосфор, темір, мыс және марганец бар, оның адам ағзасына берер пайдасы мол дейді. Айтжанова Ұлзада алдағы уақытта сүт өнімін беретін асыл тұқымды ешкі шаруашылығын бастауға ниетті. Қайтарымсыз грант мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жұмыссыз және дара кәсіпкер ретінде өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына яғни атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арналған.

Ол үшін төмендегі санаттар осы шарттар арқылы өтінім бере алады.

1.Кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға сондай-ақ 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейінгі ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алушыларға (жиырма үш жасқа толғанға дейін)

2. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыларға.
3. Қоныс аударушыларға;
4. Қандастарға;
5. Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі жандар және мүмкіндігі шектеулі бала (мүгедектігі бар балалар) тәрбиелеп отырған жандарға.

Айта кетейік гранттар конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін Ұлттық жобаның қатысушыларына өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Биыл Келес ауданында екінші лекте жалпы 134 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Бірінші лектегі өтінім қабылданбаған үміткерлер грантқа қайта өтінім бере алады.

Leave a reply