Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.
«Бұл көлікті бірнеше мақсатта жасап шығардық. Қазір бұл көлік табиғат аясындағы демалысқа пайдалануға өте қолайлы. Шағын және ыңғайлы, жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ, жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейіннен қайта жинақтап қоюға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шығып, «World skills» чемпионатында жүлдеге ие болдық» – дейді жоба жетекшісі Бахтияр Дустанов.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған көліктің мүмкіндіктерімен танысып, жобаны жүзеге асырған шығармашылық ұжымның еңбегін жоғары бағалады.
Айта кетейік, «Avtopicnik» көлігі оңтүстік кореялық GM Daewoo компаниясының Daewoo Damas атты микроавтобусынан жасалған. Ерекшелігі жанармайды өте аз тұтынатын көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған. Ал, қараңғы уақытта күннен қуат алатын құрылғы өз жарығымен қуаттала береді. Ол үшін жанып тұрған шамдарды қуаттағышқа қаратып қою жеткілікті.
Осыған дейін де аталған колледж ұжымы жанар-жағар майсыз электр қуатымен қозғалатын көлік құрап шығып, көпшіліктің қызығушылыған сеп болған еді.