Thursday, November 21

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР БӨШКЕ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРІП ЖАТЫР

0
108

Өндірісті-аграрлы аудан саналатын Түркістан облысы, Келес ауланында кәсіпкерлік жыл санап өркен жайып келеді. Жалпы Келес ауданында бүгінгі таңда 8353 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, бұл бағыта 11725 азамат жұмыс істеуде. Соның бірі — аудан орталығында жалпы құны 10 млн. тенгені құрайтын, су құюға арналған полиэтилен шикізатынан бөшке бұйымдарын өндіретін цех. Жыл басында ашылған өндіріс орнында жеке кәсіпкер Бағдаулет Құрбановтың жетекшілігімен 3 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Цехтың қуаттылығына келсек, күніне 10 дана бөшке бұйымдары өндіріліп, 2 түрлі үлгіде су сақтайтын бөшке бұйымдары жасалады. Бүгінде жылына 3600 дана бөшке бұйымдарын өндіруге қауқары бар цехтың өнімдері еліміздің бірқатар өңірлерінде сұранысқа ие. Келес ауданында шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы экономикалық көрсеткіштерге оң әсер етіп, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және ауданның салық түсімдерінің ұлғайтылуына өз септігін тигізіп жатыр.

Leave a reply