КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 28 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
Келес ауданына қарасты елді мекендердің ішкі көшелеріне 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, 7 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округі Бозсу елді мекенінің Жаңағасыр-1, Жаңағасыр-2, Жаңалық, Денсаулық көшелеріне, Алпамыс батыр ауылдық округі Қауыншы елді мекенінің Т.Тәжібаев көшесіне, Қошқарата ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің Алтыбаев, Жеңіс көшелеріне жол жөндеу жұмыстары басталды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылау мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жеңіс көшесіне барып, мердігерлермен кездесті. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына жолдың сапасына басымдық беріп, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Абай ауылының 8 көшесіне және Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшелердегі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялаған болатын. Ол елімізде көптеген ауқымды жобалар, бағдарламалар бар екендігін атап өтіп, жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыру керектігін тапысырды. Бүгінде Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында жаңа жобаларды жүзеге асыруда тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша 2023 жылы іске қосылатын жалпы жобалар саны – 11. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары – 3 жоба. Жалпы жобалар құны – 3 млрд. 743 млн.тг. Жаңадан ашылатын жұмыс орны саны – 99. Оған қоса «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 3,5 мың ауыл толық жаңғыртылады Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту арқасында ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды. 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн-ға жуық адам тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90%-ы тұратын 3,5 мың ауылдық мекен іріктеліп алынды.