Келес ауданында 1200 тонна бақша өнімі экпортталды

0
122

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет» деп атап, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды тапсырған еді.       

Бүгінде Түркістан облысында ауыл шаруашлылығын саласында тынымсыз еңбек етіп, еңбегінің жемісін көріп отырған шаруалар көп. Солардың бірі, Келес ауданының шаруалары. Расында, оңтүстік оңірдің шаруалары өте еңбекқор. Бүгінде несібесін жер анадан терген диқандар алғашқы өнімдерін шет елге экспорттауда бастады. Бұл бағытта мемлекеттік қолдауда көрсетіліп отыр.
Жыл басынан бері, Келес ауданында 1 648 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 65 мың тоннадан астам өнім жинау күтілуде. Оның ішінде қарбыз 1 144 гектар, қауын 504 гектарды құрайды.  

Шаруалар қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 1 200 тоннаға жуық бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығаруда. Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлерін бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда тұтынушылар қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 100 теңгеден сатып алуда. 

Айта кетейік, өткен жылы ауылшаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 62,2 млрд теңгені құраған еді. Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 24,5 мың гектарға кеңейтіліп, 187 гектарға артқан болатын. 

Міне, осындай жақсы нәтижемен Келес ауданының диқаншылары ауданның әлеуметін көтеруде алда келеді. Биылғы егістік мол өнім беріп, диқаншылықтан табыс тауып отырғандар саны да көбейді. Диқандардың айтуынша ауыл шаруашылық өнімдерін жаппай өзіміз өндірсек, ішкі нарық реттеліп, қаржы да сыртқа кетпейді. Расында, диқандар мен шаруалардың  бұл айтқан сөзінің жаны бар. Себебі, ауылшаруашылығында, оның ішінде егін шаруашылығы саласымен айналысу ел экономикасын арттыра түсетіні сөзсіз.

Leave a reply