КЕЛЕС: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ 23 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

0
48

Түркістан облысында жол жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары тұрақты жолға қойылған. Келес ауданының Біртілек ауылдық округіне қарасты 13 елді мекен бар. Бұл бағытта жалпы ауылдық округі аумағында Республикалық маңызы бар жолдар 8 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 13 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар12 шақырым, ішкі жолдар 112 шақырымды құрайды. Өткен жылы округ бойынша 5 көшеге яғни, 9,7 шақырымға шағал тас төселінді. Осы жылы ішкі көшелерді асфальттау үшін 12 жоба қолға алынған. 28,8 шақырымды құрайтын 23 көше облыстық салалық басқармадан оң қорытындысы алынып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Қазіргі таңда ауылдық округтің 17 ішкі көшесіне мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 5 жоба, жалпы 10 көшеге жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы ауылдық округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Біртілек ауылдық округіне барған аудан басшысы тұрғындармен ауылдың маңызды мәселелерін бірге талқылап, алдағы жоспарларды баяндады.

– Біртілек ауылдық округі аудан орталығына жақын орналасқан даму персвективасы жоғары аймақ. Мұндағы тұрғындардың дені ауылшаруашылығы саласында еңбектенеді. Бүгінде елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Биыл елді мекендердің басым бөлігіндегі ішкі көшелер жөндеуден өтеді. Сонымен қатар Біртілек елді мекенінде 300 орындық білім нысаны «Жайлы мектеп» пилоттық жобасын шеңберінде пайдалануға берілсе, мәдениет үйінің құрылысы басталады. Сонымен қатар, Ораз ата, Жолбасшы, Көлтоған, Біртілек және Игілік елді мекендерін сапалы электр желісімен қамту үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында электр желілері мен бағаналары ауыстырылып, жаңадан (КТП) трансфарматорлар орнатылатын болады, – деді аудан әкімі.

Өткен жылы Біртілек ауылдық округі «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосылған болатын. Бағдарлама аясында 48 азамат 352,5 млн. теңге жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алған. Нәтижесінде, 34 азамат жылы жай шаруашылығымен, 12 азамат мал шаруашылығымен, 2 азамат алтыншы бағыт бойынша тігін цехы мен ағаш өңдеу шебер ханасын ашып, өз кәсіптерін дамытуда.

Сонымен қатар, Оразата елді мекенінен жеке кәсіпкер Асанов Куаныш есімді азамат тарапынан 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Осы жобаны іске асыру үшін құрылысқа қажетті жер телімі анықталды. Құжаттардыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Leave a reply