КЕНТАУДА МЕДИА МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔹Бүгін Кентау қаласында Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы мен Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мерейлі Кентау және медианың миссиясы» атты семинар өтті. Жиынға Түркістан облысындағы БАҚ өкілдері, ақпарат саласының мамандары қатысты.
🔹 Қала әкімі Жандос Тасов кенді шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
🔹 Іс-шараның негізгі бөлігінде «Түркістан Медиа Холдингінің» атқарушы директоры Тельман Бейсен «Қазіргі медиадағы менеджмент» тақырыбында баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелерді әсіресе медиасауаттылық төңірегіндегі ойларын жеткізді. Ал Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшылары әлеуметтік желідегі жауапкершілік тақырыбын қозғап, жалған ақпаратпен күрестегі журналистердің орнына тоқталды.
🔹 Сонымен қатар, жаңа заман талабына сай ақпарат таратудың цифрлы әдістері мен жасанды интеллекттің рөлі туралы «Түркістан медиа холдингінің» қызметкері Ғасыр Құралбайұлы баяндама жасады. Жалпы семинар барысында дәстүрлі және заманауи БАҚ, медиа менеджерлік тақырыптары төңірегінде ой-пікірлер айтылды.
Басқосу соңында өңірдегі бірнеше БАҚ қызметкерлеріне Қазақстан Журналистер одағының мүшелік билеті табысталды.
Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы.