КЕНТАУДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

0
16

Елімізде жыл өткен сайын инклюзивті білім алатын балалар саны өсіп келе жатыр. Білім ұялары мен балабақшаларда арнайы топтар ашылған. Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген.
Инклюзивті білім берудің 8 принципі бар:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
2. Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
3. Әркімнің сөйлесуге және оны тыңдауға құқығы бар;
4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж;
5. Білім нынайы қарым-қатынастар аясында ғана жүзеге асуы мүмкін;
6. Барлық адам өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
7. Барлық оқушы үшін жетістікке жету – оның орындай алатын әрекеті;
8. Жан-жақтылық адам өмірінің аясын кеңейтеді.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту, арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары. Кентаулық Марал Нүрпейісова тілінде ақауы бар бүлдіршіндерді оқытып, түзету және дамыту орталығын ашқан. Мемлекет қолдауының арқасында қажетті білім құралдарын сатып алған.
«Қазіргі таңда балалардың мұндай күйге түсуі жарамсыз тамақтарды көп жеуі мен телефонда көп отыруынан және спорттың, дене қимылының аз болуына байланысты сол тілдің кешеулідеп шығу сияқты көп болып жатыр. Логопедиялық көмек керек балалар өте көп. Сондықтан сол балалар мына қоғамнан алшақтап кетпесін деп біз сол балаларға арнайы осы орталықты аштық. Біздің мақсатымыз сол балаларды түзету дамыту жұмыстарын жүргізе отырып сау балалардың қатарына қосып жіберу»дейді логопед-дефектолог.
Бұл жердің ерекшелігі тек қана жазып қана қоймай оқытып, тілінің кемістігіне қарап, барлық жағынан қамтамасыз етіледі. Балаға қажетті дәрумендер мен қай жерінде кемістігі бар барлығын жан-жақты анықтап, соған қарай баланы мектепке дайындайды.
Білікті маман мемлекеттен алған гарнт қаржысына балаларға қажетті түрлі оқу құралдарын сатып алған. Орталықта қосымша математика мен ағылшын пәні, көркем жазу, жылдам оқуға үйретеді. Әріптерді аң-құстардың аттарымен қосып үйрету арқылы бала әрі алфавитті таниды, әрі қоршаған ортаға бейімдейді.
Кәсіпкер басында кішігірім ретінде ашып көрген. Кейін халыққа шын мәнінде керек сала екенін түсінгендіктен кеңейтуді жоспарлаған. ОРталыққа баласын алып келетін ата-аналар қызмет түріне көңілдері толады. Бүлдіршіндер қоғамдық өмірге белсенді араласып, өздігінен оқып-жазуды үйренеді. Сол себепті ата-ана балаларын дамыту үшін мамандарға толығымен сеніп тапсырған. Болашақта 18 жасқа дейінгі балаларды да бейімдеуді мақсат етіп отыр.
Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі:
Шетелде 1970 жылдардан бастап мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін нормативтік актілер пакетін әзірлеу және енгізу жүргізіліп келеді. АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру саясатында бірнеше тәсілдер дамыды, оның ішінде білімге қолжетімділікті кеңейту (widening participation), мэйнстриминг (mainstreaming), интеграция (integration), инклюзия (inclusion). Мэйнстриминг «ерекше» балалар құрдастарымен мерекелерде, түрлі мерекелік іс-шараларда сөйлеседі деп болжайды. Интеграция дегеніміз – ақыл-ойы мен физикалық дамуында ауытқуы бар балалардың қажеттіліктерін, оларға бейімделмеген, жалпы өзгеріссіз қалатын білім беру жүйесіне сәйкестендіру. Инклюзия – мектептерді реформалау және оқыту жағдайын барлық балаланың қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп қайта жоспарлау.
1990 жылдары АҚШ пен Еуропа елдерінде мүгедек балалардың ата-аналарының өзін-өзі ұйымдастыру проблемалары, мүгедектердің әлеуметтік белсенділігі және олардың құқықтарын қорғаушылар туралы бірқатар басылым жарық көрді. Бұл инклюзивті білім беру идеяларын танымал етуге ықпал етті.
1980-1990 жылдары жүргізілген инклюзивті білім берудің экономикалық тиімділігі туралы зерттеулер интеграцияланған білімнің артықшылықтары мен жетістіктері көрсетеді.
Бүгінгі таңда көптеген батыс елінде мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялаудың маңыздылығы туралы белгілі бір келісім бар. Мемлекеттік, муниципалдық және мектептер ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бюджеттен қаржыландырылады.

Leave a reply