Thursday, November 21

КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН ШҰЖЫҚ ӨНДІРЕТІН ШАҒЫН ЦЕХ АШҚАН

0
39

Кентау қаласында мемлекеттік қолдаумен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Сондай жанның бірі шаһар тұрғыны, көпбалалы әке – Бақыт Ибраев. Ол биыл өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап, грант жеңіп алған. Оған ол шұжық дайындайтын қажетті құрылғыларды сатып алған.
«Жаңа кәсіпті бастап, бүгінде алға өрлеп келе жатқанына қуанамын. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, ісімді дөңгелетуде үлкен септігі тиді. Сұраныс та артып келеді. Болашақта химиялық қоспалары жоқ, нағыз еттен жасалатын шұжықтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын» -дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер күніне 20-30 данаға дейін таза қара малдың етінен шұжық жасап шығаруда. Қазіргі таңда қала және қалаға қарасты ауыл дүкендеріне ұсынады. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытуды жоспарлап отыр

Leave a reply