Thursday, November 21

КЕНТАУ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ҰЛҒАЯДЫ

0
9

Кентауда өндіріс орындарын ашып, инвестициялық әлеуетін көтеру керек. Сонымен бірге жерге қатысты заңсыздықтарды жойып, жүйелі тірлік атқару қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау тұрғындарымен кездесуде осы және өзге де мәселелерге тоқталды. Атқарылған жұмыстарды баяндап, кемшіліктерді де айтты.
– «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласында 2023 жылы 2 елді мекенде 7 жобаны іске асыруға облыстық бюджет есебінен 242 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Хантағы және Ащысай елді мекендеріндегі 18 көшеге 242 млн. теңгеге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 елді мекенде 6 жобаны іске асыру үшін 477 млн. теңге қаралды «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 492 млн. теңгеге 92 жоба қаржыландырылды. АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы Кентау қаласында 2 мектепте іске қосылды. Кентаудың жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 26 пайызға өсіп, 2023 жылы 76 млрд. теңгеге жетті. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 23 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға өскен. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 46,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 784 млн. теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, Кентаудың әлеуеті бұдан да жоғары. Біз елдің табысын көтеру үшін жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту мәселесін күн тәртібінен түсірмейміз. Басым бағытымыз – зауыттар мен кәсіпорындар ашу. Инвестор тарту, жобаларды жүзеге асыру өте қиын. Бірақ жұмыс жүріп жатыр. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Кездесуде Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың есебі тыңдалды. Сұрақ-жауап кезеңінде тұрғындар облыс әкіміне жер дауы, баспанамен қамту, мәдениет үйін салу, жұмыссыздық мәселесі және өзге де түйткілдер тарқатылды. Кентаудағы жылу орталығын жөндеу барысы да айтылды.
Одан кейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдады. Түрлі өтініштер мен ұсыныстар айтылып, мәселелер бақылауға алынды.
Айта кетейік аталмыш жоба елімізде 2019 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінде бұл жоба арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар да жетерлік. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынбақпыз.
Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылған жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 6,7 есеге артқан. Мәселен, 2019 жылы 29 млрд теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен осы жылға 198 млрд теңге қарастырылған.
Сонымен қатар биылғы бірінші жартыжылдықтағы бөлінген қаржының игеруге қатысты облыс әкімдіктері бюджет қаражатының 27%-ын игерген. Қаражаттың жоғары игерілуі Павлодар, Ақтөбе Қызылорда облыстарында байқалады. Бұдан басқа, қаражаттың ең аз игерілуі Алматы мен Ұлытау облыстарына тиесілі.
Жалпы бүгінгі таңда, 1600 жоба бойынша конкурс өткізіліп, 158 жоба аяқталды. Аяқталмаған ең көп жобалар Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды.
Министр өз кезегінде биылғы жылдың аяқталуына алты айдан аз уақыт қалғанын, осы орайда Министрлік әкімдіктермен бірлесіп бағдарламаны тиімді іске асыру бағытындағы келесі жұмыстарды жүргізетінін айтты. Олар:
Жобалардың конкурстарын өткізу процестерін тездету;
Бағдарлама аясында қосымша қаржы талап ететін нысандарға қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру;
Бөлінген қаражатты уақтылы игеруді қамтамасыз ету;
Құрылысы жүріп жатқан жобаларды жыл соңына дейін сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалау;
Жобалардың орындалу барысына апта сайын мониторинг жүргізу.
Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуін бағалау мақсатында Өңірлік стандарттар жүйесі арқылы талдау жасалып келеді. Қазірдің өзінде бағдарламаның нәтижелерінен оң өзгерістер байқалады.
Мәселен, 2022 жылғы Өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштеріне сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдар саны ұлғайып, 786 ауылдық елді мекенді құрағанын көрсетіп отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 525 ауылдық елді мекенге артық. Еліміздегі ауылдық аумақтарда тұратын 7,5 млн халықтың, 3,2 млн-ы өңірлік стандарттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдарда тұратынын атап өткен жөн.
Сондай-ақ ауылдарды дамытуға бөлініп жатқан мемлекеттік бюджет көлемінің ұлғаюы жеке инвестициялар үлесінің де артуына оң әсерін тигізіп келеді. Мәселен, 2019 жылы жеке инвестициялардың көлемі – 2,5 трлн теңге болса, 2022 жылы – 3,1 трлн теңгені құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды және жүзеге асырылып келеді.
Тұжырымдамада «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру, сумен, электрмен жабдықтау, газбен қамту, шекара маңы аумақтарды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар жолдарды салу, жөндеу және әлеуметтік нысандар салу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту шаралары қамтылған.
Сөз соңында Ә. Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру Ұлттық экономика министрлігінің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов облыстағы 367 ауылдық елді мекендегі облыс халқының үлесі 56,7%-ды құрайтынын айтты.
Кетірілген ақпарат бойынша, 2019-2022 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 137 ауылда 471 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 158 әлеуметтік нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, күрделі жөндеуден өткен. 32 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары пайдалануға берілген. 443 шақырымды құрайтын 281 ауылішілік көше жөнделіп, 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ 2023 жылы 90 елді мекенде 268 жобаны жүзеге асыру мақсатында 13,6 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 3,8 млрд теңгенің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, қаржы 99,9%-ға игерілді.

Leave a reply