КЕНТАУ: МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ – ЕҢБЕК АДАМЫ

0
11

Кентау қаласында 37 жылға жуық бір мекемеде жұмыс жасап келе жатқан еңбек адамы бар. Ол – Талғат Юсупов. Туған жері Түркістан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Ата-анасы жұмыс бабымен Кентау қаласына қоныс аударған.
Талғат Нуридинұлының ата-анасы еңбек жолымен қаладағы №5 Жылу энергия орталығына орналасқан. Ата-анасының ізімен бүкіл ұл-қызы осы мекемеде еңбек етеді. Айта кетейік, Кентаудағы №5 жылу энерго орталық 1934 жылы салынған. Мамандардың сөзінше негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған. Бюджеттен бөлінген қаражат электр станциялары мен жылу желілері жабдықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына ғана жетеді.
Кентау қаласында жаңа жылу орталығын салу мәселесі қаралуда. Жаңа жылу энергоорталыққа қатысты екі жоба жасалған. Оның бірі – жылу орталығын табиғи газға қосу, ал екіншісі – жаңа жылу энерго орталығын салу.
Талғат Нуридинұлы мектеп табалдырығын аяқтаған бойда №5 Жылу энергия орталығына “Отынмен жабдықтау бөліміне” жүк тасмалдаушы болып қабылданған. 1992 жылдан бастап 1997 жылға дейін аталмыш мекеменің “Қазандық турбиналық цехының” слесарьі болып қызмет етуді бастаған. 2007-2008 жылдары машинист, 2009-2011 жылдары қайта “Қазандық турбиналық цехының” слесарьі болып жұмыс жасаған. 2011 жылдан бастап №5 Жылу энергия орталығының “Орталықтандырылған жөндеу цехының” аға шебері қызметінде қазіргі таңға дейін жұмыс атқарып келеді.
«Ұзақ жылдан бері бір мекемеде жұмыс жасап келемін. Себебі, ата-анам, бауырларымда осы мекемеде жұмыс жасаған. Өзіме ұнайды. Жүз мыңнан аса халыққа жылу тарату үлкен еңбек. Мен өз еңбегімен мақтанамын. Әр адам өз еңбегіне адал болып, соны соңына дейін жеткізу қажет. Жұмыс ауыр күшті талап етеді. Оған төзімділік пен сабырлық қажет. Жас мамандарға да соны айтамын» дейді еңбек адамы Талғат Нуридинұлы.
Жұбайымен отандасқанына 20 жылдан асқан. 5 ұл-қыздың ата-анасы. Бүгінгі таңда ұлдарында осы техника саласына еңбек етуге дәріптеуде.
Еңбек адамы – ел тірегі. Нәпақасын маңдай тер, адал еңбектен тауып жүрген Талғат Юсуповтың еңбегі көпке үлгі. Қала тұрғындарын қыс бойына сапалы жылумен қамту бағытында, ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек.

Leave a reply