КЕНТАУ: ШАХАРДАҒЫ АЛТЫН ҚОЛДЫ ДӘРІГЕР

0
2

Кентау қаласында алтын қолды дәрігер, антына берік ақжеленді жан Қожайсакова Ұлжан Батырханқызы. Бүгінгі таңда, «Кентау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, Хантағы дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі де, аталған мекемедегі еңбегі де – 19 жыл. Ауыл тұрғындарының саулығы мен амандығы үшін еңбек етіп, қаншама адамның дауасына ем тапқан дәрігер.

Жуырда Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жылды қорытындылап қаланың әр саладағы үздіктерін анықитап, марапаттаған болатын. Ұлжан Батырханқызының еңбегі жоғары бағаланып қаланың «Ең үздік дәрігері» атанды.

2003 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің медицина факультетінің емдеу ісі мамандығы бойынша бітіріп, дәрігер біліктілігі берілген. 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін Кентау қалалық емханасында жұмыс жасап келеді. Жалпы тәжірибелі дәрігер. 2020 жылдан бастап қалалық емханаға қарасты Хантағы дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігерінің қызметін атқаруда.

Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Медицина саласында жұмыс істеу тәжірибесі мол. Аталмыш мекемеде қызмет атқарған жылдарында өзін ылғи жақсы жақтарымен, терең білімімен білікті маман, өз міндеттеріне шыншыл қарайтын жауапкершілігі мол ақхалатты абзал жан екендігін көрсетіп келеді. Ұжым алдында беделді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Leave a reply