КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ОТБАСЫЛЫ ДӘРІГЕРЛЕР ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

15-мамыр халықаралық отбасы күні. Отбасы – кіші мемлекет. Отбасының бірлігі мен тірлігін бірге алып жүрген жанұялар бар. Мәселен еліміздің әр саласында қызмет жасап, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан жандар аз емес. Әсіресе ерлі-зайыпты жандар.
Сондай отбасылардың бірі – Кентау қалалық емханасында дәрігер қызмет атқаратын Аброржон Умаров пен Насиба Турсинметова. Олар бүгінде ұжымдастарының арасында сыйлы,үлгілі жанұя.
Отбасының отағасы Аброржон дәрігер 1988 жылы туылған. 2005-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласында Халықаралық қазақ- түрік университетінің жалпы медицина факультетін Рентгенолог мамандығын оқыған дәрігер.
Отбасының отанасы Насиба дәрігер 1987 жылы туылған. 2005-2012 жылдар аралығында Түркістан қаласында 2005-2012 жылдар аралығында Халықаралық қазақ- түрік университетінің жалпы медицина факультетін бітірген.Ревматолог дәрігер.
Бүгінде қос дәрігер жанұясында 3 бала тәрбиелеуде. Дәрігерлер ұжымға да сыйлы абыройлы, тұрғындардың да алғысына бөленген. Сыйластықпен ғұмыр кешіп, тату-тәтті өмір сүріп жатқан дәрігерлер отбасы кейінгі жас буынға үлгі-өнеге.