Thursday, November 21

КЕНТАУ: «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» ШАРАСЫНДА КЕНТАУЛЫҚТАР ДА ӨЗ ӨНІМДЕРІН ҰСЫНДЫ

0
37

Облыс орталығында қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты шарасы өтті.
Бұл күні тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген өңір диқандарының 3000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.
Салтанатты шарада Кентау қаласының ауышаруашылық өнімдері де көпшілікке ұсынылды. Атап айтқанда сүт, құрт, ірімшік, сыр, бал өнімдерінің әрқайсысынан 0,5 тоннадан апарылды. Сондай-ақ көкөніс өнімдерінің арба толы көрмесі өткізілді.
«Керуен сарай» туристік кешенінде ұйымдастырылған мерекелік шарада асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Ауқымды шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы техникалар көрмесін көріп, «Тұран су» МКК, «Ветеринариялық қызмет» МКК-на арнайы техникалар табыстады. Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап, кол өнер шеберлерінің жұмыстарымен және мал шаруашылығы көрмесімен танысты. Еңбек адамдарына құрмет көрсеткен облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласы өкілдерін құттықтады.

Leave a reply