«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АСА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Киелі мекен» апталығының алғашқы күнінде Жартытөбе ауылдық округінің мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары акцияға белсене атсалысуға әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп, тазалық жұмстарына жұмыла кірісуде.
Тұрғындар санитарлық тазалыққа қатысты жұмыстарды Бабата елді мекенінде орналасқан Ысқақ баб кесенесінің ауласынан бастады. Кесененің қоршаулары ретке келтіріліп, ауласын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сондай-ақ аумақты арам шөптерден тазалау, талдарды әктеу, қураған ағаш түптерін бұтау сынды жұмыстар атқарылды. Бұған қоса, саябақтар мен балалар ойын алаңшаларын, су өткелдерін, көпірлерді және қоқыс полигонын ретке келтіру жұмыстары да қамтылды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы басталғалы Жартытөбе ауылында 1500-ден астам қара тал мен 100 түп арша ағашының көшеттері отырғызылды.