«КИЕЛІ МЕКЕН»: СОЗАҚТА «БИБІ МАРИЯМ» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

0
186

Созақта «Киелі мекен» апталығы аясында С.Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы Бибі Мариям кесенесінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар аясында кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, ағаштар әктелді. Одан бөлек, қоршаулар мен ондағы аяқ жолдар қалыпқа келтірілді.

Жалпы аудан аумағында 75 шақырым көше бойлары, 11,4 шақырым аяқжолдар тазаланып, 485 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде көше бойларына, әлеуметтік нысандар және саябақтарға жалпы саны 25 000 дана тал көшеттері отырғызылды.

Айта кетсек, Бибі Мариям кесенесі Шолаққорғандағы «Өр қақпаның» батыс бөлігінде орналасқан. Кесененің оңтүстік-шығысында емдік қасиеті бар бұлақ бар. Тарихи деректе Ысқақ бабтың екі қызы болған, үлкені – Бибі Гауһар ана, кішісі – Бибі Мариям делінген.

Leave a reply