КӘСІБІНЕ ҚАРАЙ НӘСІБІ

0
111
Президент Қ. Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты.
Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус
пандемиялық кезеңі еліміз үшін үлкен ауыр кезең бол-
ды. Көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап, адамдар кө-шеде емін-еркін жүріп тұрудан қалды. «Басқа түссе баспақшыл» дегендей адамдар үйде отырып кәсіп ашып, қаржы табу жолдарын меңгеріп алды. Осындай қиын кезеңде Қарамұрт ауылында жаңа бастамалар қолға алынды. 2020 жылы жас кәсіпкер Ифтихоритдин Абдурахманов Қарамұрт ауылынан «Абдужапар ата» атты спорт кешенін ашты. Ашылу салтанатына ауыл әкімі, ауыл биі және ақсақалдар мен тұрғындары қатысты. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, кәсібін жандандырған.
И.Абдурахмановтың негізгі мамандығы – дәрігер. Бала кезінен ауылда спорт кешенінің болғанын армандапты. Салауатты өмір салтын ұстағысы келетін жастарға арнайы спорт мектебі керек екенін ойлап, осы игі істі қолға алғанын айтады. «Абдужаппар ата» спорт кешенінде: футбол, волейбол, баскетбол, үстел тенисі алаңшалары бар. Сонымен қатар ғимаратта 4 жуынатын бөлме, 1 арнайы асхана қарастырылған . Бүгінде жеке кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Спорт кешеніне келушілер қатары көп. Бір күнде 50-ден астам бала мұнда түрлі спорттық ойындарды ойнауға келеді. Жастардың интернетке емес спортқа қызығатыны, салауатты өмір салтын ұстанатыны бізді қуантады»,- дейді кәсіпкер. Мұнда жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қайырымдылық іс-шаралар, арнайы жүлде қорымен тегін жарыстар ұйымдастырылады. Ауыл жастары аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан жеңіспен оралып, ауылдың абы-
ройын асқақтатып жүр. Кәсіпкер алдағы уақытта фитнес орталығын ашуды да жоспарлап отыр. Еңбекқор кәсіпкер мұнымен шектелмей Сайрам ауданындағы білікті дәрігер Полат Нишанматовпен серіктес бола отырып, «MDS» медициналық орталығын ашты. Орталықта бауыр, өт, көкбауыр, қуық пен бүйрек, іш қуысы, сүт безі, қалқанша безі, тізе буыны, мойын тамырлары ауруының ультрадыбыстық зерттеулер жасалып, ем тағайындалады. 10 адам жұмыс істейтін емдеу бөлімі келушілерге сапалы қызмет көрсетеді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен инсульт ауруына шалдығып, жүре алмай қалған кісілердің аяққа тұрып кетуіне септігі тиген. Емдеу бөлімінде ине салу, ингаляция, балалар массажы сияқты емдеу шаралары жүргізіледі.
Мафтуна НАЖИЕВА.
Қарамұрт ауылы.

Leave a reply